Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша «Парасат жолы» – «Дорога добропорядочности» өңірлік орталықтарының ашылуы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі қолға алған тармақтарының бірі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта отырып, сыбайлас жемқорлықты қоғамның қатысуынсыз жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті. Жұмабаев АОӘҒК-дағы мерзімді басылымдар залында «Жемқорлық түбі – қорлық» атты ақпараттық көрме ұйымдастырды. Көрме қоғамдағы адалдықты насихаттауға арналған.Көрмеде заңды жауапкершіліктің барлық түрлері туралы және сыбайлас жемқорлық ұғымы деген не, оның адам өміріне тигізетін әсері жайында көптеген ақпараттар берілген.

3 ақпанда Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық кітапханалар жанындағы «Парасат жолы» – «Дорога добропорядочности» өңірлік орталықтарын ашу жөніндегі республикалық кеңеске ЗУМ платформасында онлайн форматта қосылды.

 Мақсаты: қоғамда парасаттылық идеологиясын ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және дін өкілдерімен бірлесіп ілгерілету.

Өңірлік іс-шара Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы А. Б. Сәбитованың және Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі департамент басшысының бірінші орынбасары А. Т. Бердалиннің қолдауымен өтті.

Кеңесте мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, сенаторлар кеңесінің мүшесі Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы сөз сөйлеп, Ақмола облысының қоғамдық және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қауіптердің бірі болып табылады, ал оның қоғамдағы көрінісі демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын елеулі түрде бұзуға алып келеді және елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан Ұлттық кітапханасы, Қазақстанның облыстық кітапханалары

Республикалық кеңестің модераторы: «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Гумилев  атындағы ЕҰУ докторанты Бекзат Смағұлов.

 2021 жылғы  19 ақпанда М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығының ашылу салтанаты өтті.

Шара жазушы, журналист, қоғам қайраткері, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС диекторы Ж.Е. Ерғалиевтің және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ. Төлеғұлдың құттықтау сөздерімен басталды. Одан соң Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент басшысының бірінші орынбасары А.Т. Бердалин аталған орталықтың мақсат-міндеттері, бағыт-бағдары жөнінде жүйелі ақпаратын ұсынды. Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы А.Б. Сәбитованың, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушысы А.Ы. Есмағұлов, ақын, журналист, «Көкшетау» газетінің бас редакторы С.С. Жетпісқалиевтің, Өнер және әдебиет музейінің директоры Н.Ж. Нұрбаевтың «Парасат жолы» орталығы жайында пікір-пайымдарымен жалғасты.

Сонымен бірге, кітапхана директоры Т.Қ. Ибраев Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті мен Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында кітапхананың үш жыл бойы атқарған еңбектері енгізілген дискіні табыс етті. 

2021 жылғы 25 ақпанда М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанындағы «Парасат жолы» орталығының жұмысы жалғасып,  Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, белгілі қоғам қайраткері, жазушы, журналист, публицист Сәдібек Түгелдің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараны Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин жүргізіп отырды.

Жазушы, журналист, қоғам қайраткері, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиев, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова  Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры т.б. қатысты.

 Сәдібек Түгел өзінің Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі болып сайланғаннан бергі жұмыстары атқарылған жұмыстар жайлы, жемқорлыққа қарсы күресуге өзінің көзқарасы туралы ауқымды баяндап берді. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар осы тақырыпта сөз өрбітіп, өз ойларын ортаға салды.

Шара барысында Сәдібек Түгел өзінің кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.