2018 жылы өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

«Коррупция» ұғымы тіпті сонау римдіктер дәуірінде –ақ пайда болған және ол «бүлдіру, зиян келтіру» дегенді білдіреді. Бүгінгі күні де қоғамдағы жегі құрттың біріне айналған сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметкерлердің өзінің лауазымдық өкілеттері мен мүмкіндіктерін жеке бас немесе топтық мүдде үшін пайдалануын білдіреді. Қазақстан өзінің егемендігін жариялаған жылдардан бастап қоғамдағы осы бір қауіпті құбылыспен күресуге баса назар аударып келеді. Бұл бағытта қаншама заңнамалық актілер қабылданды. Сыбайлас жемқорлық орасан зор экономикалық және әлеуметтік зардаптарға соқтыру мүмкін. Жемқорлық қоғамның дамуына, оның демократиялық, моральдық-этикалық негіздеріне нұқсан келтіретін аса қауіпті құбылыс. Сыбайлас жемқорлық жаңа ғасырда да әлемнің көптеген мемлекеттерін мазалап отырған елеулі мәселелердің бірі болып қалуда. Осыған байланысты АОӘҒК мерзімді басылымдар бөлімі екі тілде «Коррупция – ұлттық болмысымыздың айнасы – Коррупция как феномен зла» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде газет, журнал қойылды. «Казахстанская правда», «Юридическая газета», «Заң газеті», «Заң», «Заң және заман», «Фемида»,  «Правовая реформа» сияқты газет, журнал беттерінен мәліметтер алынды.

2018 жылғы 2 ақпан күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның  көпшілік іс-шаралар бөлімінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша «Жеті жұттың бірі -жемқорлық» атты өзекті диалог болып өтті. Іс-шараға  арнайы ҚР мемлекеттік қызметінің істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінен мамандар шақырылды. Мамандар сыйбайлас жемқорлық алдын-алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп келетінін тілге тиек етті. Қатысушылар саны-80.

4 қараша күні М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес – жүйелі атқарар іс» атты дөңгелек үстел өтті. Сыбайлас жемқорлықтың салдарын жою туралы сөз қозғалып, құқық бұзушылықтары жағдайларына жол бермеу жөнінде сөз сөйленді.  Аталмыш шараға жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламаны іске асырып жатқан мемлекеттік орган өкілдері шақырылды. Шараның ақпараттық сүйемелдеі арнайы жасалынған бейне слайд болды. Қатысушылар саны – 100 адам.