Жер шежіресі – ел шежіресі

2021 жылдың 14 сәуірінде біз жас полиглоттармен кездесіп, 15 сәуірде әлемнің көптеген елдерінде бейбітшілік туының астында атап өтілетін Халықаралық мәдениет күніне орай «Жер шежіресі – ел шежіресі. Сила в единстве, а единство в понимании». «Friendship Between Cultures» атты “Funny English” балалар Ағылшын клубының “қарым–қатынас салоны”-отырысын өткіздік. Сондай – ақ, 15 сәуірде Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні – Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні аталып өтеді.
Осы отырыста біз “Халықаралық мәдениет күні” тақырыбына презентация жасауды шештік, дәстүрлер туралы әңгімелестік, осы тақырып бойынша сұрақтар қойдық. Біз неміс, француз, ағылшын тілдерінде сәлемдесу сөздерін есімізге түсірдік. Түрлі елдердің салт-дәстүрлері туралы бейнематериалды қарап, біз екі мерекені талқыладық: Қазақстан мен АҚШ-тағы “Ғашықтар күні”. “Қарым-қатынас салоны” түрінде өткен отырыстың келесі тармағы есте сақтау үшін тақырып бойынша жаңа лексиканы, клише сөздерді және басқа сөздерді бірге айтқандығы болды. Осыдан кейін біз “Әріптерден сөз жина” ойынын ойнауды шештік, мақал-мәтелдерді оқыдық. Біздің жас полиглоттарға арналған тапсырма тірек белгілері ретінде жаңа лексиканы “сызу” болды.
Әлем халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерделеу біздің клубтың қатысушысына әлемдік өркениетке қол тигізуге және халықаралық мерекенің тойлаудың қатысушысы болуға мүмкіндік береді. Халықаралық мерекелер мәдени айырмашылықтардың шекарасын бұзып, адамдарды біріктіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *