Жылдың бестселлері. 2021 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы

«Бір ел – бір кітап. Одна страна – одна книга» – “One country – One book” атты жыл сайын өтетін акциясы біздің мемлекетіміздің айтулы күніне арналған.

Қазақстандық “Бір ел – бір кітап” жобасының идеясы АҚШ-та кеңінен танымал “Бір кітап, бір Чикаго” кітапханалық жобаларына негізделген, онда бүкіл қала бір уақытта бір әдеби шығарманы оқиды. Акцияның мақсаты – ел тұрғындарының азаматтық бірлігін нығайту және оқуды насихаттау.

Біздің бөлімде «Бір ел – бір кітап. Одна страна – одна книга» акцияға арналған «Кітап – алтын қазына. Золотая полка книг» атты арнау-көрмесі қойылған. Бұл көрмеде жыл жазушылары: Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулет, Серік Ақсұңқарұлы, Бақытжан Қанапиянов, Юрий Серебрянский, Дәурен Қуат сияқты атақты ақындардың және Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық. Сто лет одиночества», Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір. Жизнь взаймы.», Агата Кристи «Ғайып болған миллион», Дж.Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» әлемдік классиканың шетелдік жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат ұсынылды.

Кітап оқыңыз! Кітап оқудың көптеген артықшылықтары бар. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі, сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *