«Кеудемде жыр қайнағанда» атты электронды басылымның тұсаукесері

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада ақын, жазушы, журналист, Жазушылар одағының мүшесі, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Сапарұлына арналған «Кеудемде жыр қайнағанда» атты электронды басылымның тұсаукесері өтті.

Іс-шараның мақсаты: Серік Сапарұлы Жетпісқалиевтің еңбегін насихаттау және «Кеудемде жыр қайнағанда» электронды басылымының тұсаукесері.  Электрондық басылымның мағынасы мен мазмұнын әрбір оқырманға жеткізу. Бұл диск 10 бөлімнен тұрады: алғы бет, алғы сөз, өмірбаяны, шығармашылығы, ол жайында, мадақтамалары, фотоқұжаттар, бейнемұрағаттар, «Алтын Арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығы, әдебиеттер тізімі. Сондай-ақ, іс-шара Facebook әлеуметтік желісінде онлайн-режимде хабарланады.

Аталмыш іс-шара «Алтын Арқа» ақпараттық-ағартушылық орталығы аясында өткізілді. Орталықтың төрағасы Серік Сапарұлы. Оның басшылығымен Ақмола облысының және Көкшетау қаласының көрнекті тұлғаларына арналған 21 отырыс өткізілді. Бүгінгі 22 отырыс Жетпісқалиев Серік Сапарұлының 60 жылдық мерейтойына арналды.

Серік Сапарұлы – жай журналист емес, өз шығармаларында Көкшетау жерінің сұлулығын бейнелейтін аңыз адам, Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың тұрақты оқырманы және өзіндік байланыстырушысы бола отырып, поэзиялық туындыларды насихаттауға зор үлес қосады.

Сөз сөйлегендер: Есмағұлов Аманжол Ыдырысұлы – Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-інің филология ғылымдарының доценті, Әлиев Шияп Шарапұлы – қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Есмағамбет Мұсатай Ғалымұлы – Абай Мырзахметов атындағы КМУ-нің математика оқытушысы, Ерболат Баятұлы – Ш.Уәлиханов атындағы КМУ оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, Ыбыраев Талғат Қайыркенұлы – М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры, Оспан Қуаныш Ерғалиұлы – М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директорының орынбасары.

Қатысушылар: шығармашылық зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *