Ойындар кітапханасы

17.02.2021. М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның  коворкинг-орталығында ойындар кітапханасы жұмысын бастады. Кешкі үстел ойын кеші біздің кітапханамызда алғаш рет өтті.  Іс-шарада  әр-түрлі үстел үстінде ойнайтын ойындармен басталды: тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, лото, домино, уно, дженго,монополия , нарды т.б.

Бұл іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды қазақтың  ұлттық ойындарымен және басқа ұлттардың ойындарымен таныстыру.Ойыншылардың  логика, ойлау қабілетін дамыту және бос уақыттарын тиімді пайдалану. Қабырғадағы LED-экранда әр ойынға дайындалған ролик көрсетілді, ойынның ойналу тәсілі, жүру ережелері туралы. Қатысушы оқырмандар жақсы көңіл күймен ойындарға қатысты. Әр қатысушының өзінің сүйікті ойынын білу, ойнау тәсілі байқалып тұрды. Кеш барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, ойынды қыздыра түсті. Оқу залы секторының қызметкерлері кешкі үстел ойыны жыл бойы жалғасатынын айтты.

Кеш соңында әр қатысушыға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *