Ұлы адамның ұлылығы

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл – бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол –Тәуелсіздік. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында.
Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да ұясы – Қазақстан.
Сол Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе,18 ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Қанша уақыт өтсе де, қазақ халқының жадында Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. Оның есімі Тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. Мұхтар Әуезов жазған мына сөздерді дәл қазіргі Тәуелсіздік заманында еске алып отырсақ, артық болмас: «Қазақтың дербес ел болуына, әрі – беріден соң, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас». Биыл,қолбасшы, Ұлы мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 310 жыл толды. Осыған орай, М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығы сіздердің назарларыңызға бейнероликті ұсынып отыр. Аталмыш роликте №6 ОМЛ 8 сынып оқушылары белсенді қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *