АУЫЛЫМ-АЛТЫН БЕСІГІМ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтып, болашаққа деген тарихи шешімін қабылдаған болатын. Сол себепті, рухани жаңғыру мен кітапхананың жұмысы бір бағытта өрбиді десек болады. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Осыған орай М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның кітапханаларды дамыту бөлімі сіздердің назарларыңызға Зеренді ауданына қарасты Қызылтан ауылының қысқаша тарихын, қазіргі жағдайы туралы әдістемелік құралды ұсынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *