Бүгін ұлттық домбырамыз ұлықталған күн

3 шілде күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» Ұлттық домбыра күніне орай «Әгугәй, домбыра!» атты облыстық ақындар мүшәйрасын өткізді.
Шара Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртісі, Біржан Сал атындағы музыкалық колледждің ұстазы Аманов Төлегеннің орындауындағы Біржан Салдың әні «Ләйлім шырақпен» басталды.
Ақын, журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Көкшетау» газетінің бас редакторы С.С. Жетпісқалиев; ақын, облыстық «Бұқпа» газетінің бас редакторы Б. Смағұл қазылық еткен мүшәйраға қатысуға 20 шақты үміткер ниет білдіріп, іріктеуден өткен 5 үміткердің өлеңдері мүшәйрада көрермен алдында оқылды.
Бағалау қортындысында «Контент» ақпараттық агенттігінің маманы Серғазы Қайырболды 3 орын, осы агенттіктің маманы Саян Есжан 2 орын, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Қуаныш Оспан 1 орынды иеленді. Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері Бақытбек Бекмұратұлы мен Мәлік Ғабдуллин музейінің экскурсоводы Оралбек Нұрүш алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындарды иеленген үш жеңімпаздың үшеуіне де бірдей домбыра табыс етілді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *