«Көкшенің нар тұлғасы»

2020 жылдың 21 қаңтарында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұлұлына арналған «Көкшенің нар тұлғасы» атты кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды.

Ғосман Төлеғұлұлы орыстілді оқырмандар үшін Қойшығара Салғараұлының («С думой о будущем страны», «Модэ хан. Непокоренный дух»), Әлібек Асқөардың «Родники рождаются в горах», Қасым Тәукеновтің «Память о времени, событиях, людях», Немат Келімбетовтің «Скорбны думы, чуток сон», «Древние литературные памятники тюркских народов», Айқын Нұрқатовтың «Путь к себе. Поэтические традиции Абая», Жарылқап Бейсенбаевтың «Чокан Валиханов», Қорғанбек Аманжолдың «Жизнь-пример», Серік Негимовтің «Малик Габдуллин», Сәуле Досжанның «Мое чужое серде» және басқа да кітаптарды аударған.

Сонымен қатар, кеш қонақтарының назарына кітапхана қызметкерлері Ғосман Төлеғұлдың «Жылдар жемісі» кітабын ұсынды. Бұл кітап автордың 60 жылдық мерейтойына орай шығарылған болатын. Жинаққа автордың бірнеше әңгімелері, публицистикалық туындылары, сондай-ақ ол туралы әріптестерінің, замандастарының пікірлері топтастырылған.

Көрмені Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы, зиялы қауым өкілдері, кешке қатысқан Ғосман Төлеғұлұлының замандастары мен достары, студенттер тамашалады.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *