«ҰЛЫ ДАЛА ДИДАРЫ – ЛИТЕРАТУРНОЕ НАСЛЕДИЕ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ – LITERARY HERITAGE OF THE GREAT STEPPE»

Облыстық кітапхананың оқу залы секторының қызметкерлері Қазақ хандығына – 555 жыл, Алтын Ордаға – 750 жыл, Ілияс Есенберлинге – 105 жыл, Үкілі Ыбырайға – 160 жыл-толуыны байланысты «Ұлы Дала дидары – Литературное наследие Великой Степи – Literary heritage of the Great Steppe»аттыүлкен кеңейтілген форматта кітап көрмесін ұйымдастырды. Биылғы жылы аталып өтпекші  осы атаулы күндер бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды деңгейде өткізіледі. Қазақ хандығы – қазақтардың өміріндегі өшпес іздер. Керей мен Жәнібек хандардың арқасында 1465-1466 жылдары қазақ хандығы құрылды. Алтын Орда – Қазақстан тарихындағы алтын сөзбен жазылған кезеңдер. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы жалпы жұртқа белгілі шығарма, осы туынды аясында жақсы кинофильм түсірілген. Үкілі Ыбырай қазақтың атақты сал-серілерінің бірі.Көрменің басты мақсаты жастарға, оқырмандарға осы атаулы күндерді естеріңе сақтап, ұмытпай болашақ ұрпаққа жеткізу.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *