Амантай Сатаев/Амантай Сатаев

Амантай Сатаев (1933–2003) 25 қазанда қазіргі Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Ерейментау ауданының «Ленинский» кеңшарындағы Шәкей ауылында туған. Мәскеудің тарихи архив институтын бітірген. Журналистік қызметін Қарағандының облыстық газеті «Советтік Қарағандыда» бастап, «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» секілді басылымдарда біраз жыл қызмет еткен. «Қазақфильм» студиясында редактор болған. 1963–1967 жж. Тың өлкесіндегі телевидениеде әдеби-драмалық редакциясының аға редакторы болып қызмет атқарған. 1967 жылы Мәскеудің М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсына түсіп, оның драматургия бөлімінде оқыған. 1969 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағында драматургия және кинодраматургия секциясының меңгерушісі болды. 1956 жылы Мәскеуде өткен жас жазушылардың бүкілодақтық 3-ші кеңесінің делегаты.

Жазушылық жолын драматургия жанрында бастаған. 1957 жылы «Жұлдыз» журналында күйші Құрманғазы Сағырбаевтың өміріне арналған «Дала күйлері» атты киносценарийі жарияланды. Сол жылы Қазақстанның жасөспірімдер театры, сондай-ақ басқа да облыстық театрлар «Ақ бөпе» атты пьесасын сахнаға шығарды. Қ.Мұхамеджановпен бірге жазған «Белгілі белестер» атты киносценарийі республикалық конкурстың бәйгесіне ие болды. 1971 жылы С. Мұқановпен бірлесіп жазған «Ботагөз» тарихи-революциялық драмасын Қазақстанның жасөспірімдер театры сахнаға шығарған. «Бір шаңырақ астында» атты пьесасы орыс тілінде Мәскеуде, грузин тілінде Тбилисиде басылып шықты. «Ажал вагонының тұтқыны» атты революциялық драмасын Семейдің Абай атындағы облыстық драма театры сахналады.

Шығармалары:

Аққуды атпас болар. Повесть. А., «Жазушы», 1966; Дала күйлері. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1968; Ақын ізі. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1970; Қырық қарлығаш. Новелла. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1971.

Амантай Сатаев (1933-2003) родился 25 октября в селе Шакей совхоза «Ленинский» Ерейментауского района Акмолинской (бывшей Целиноградской) области. Окончил Московский Институт исторического архива. Журналистскую деятельность начал в Карагандинской областной газете “Советский карагандинец», несколько лет работал в таких изданиях, как «Жулдыз», “Қазақ әдебиеті”. Работал редактором в студии “Казахфильм”. 1963-1967 гг. Работал старшим редактором литературно-драматической редакции телевидения Целинного края. В 1967 году поступил на высший курс Московского литературного института им.М. Горького, где учился на отделении драматургии. С 1969 года-заведующий секцией драматургии и кинодраматургии Союза писателей Казахстана. Делегат 3-го Всесоюзного совета молодых писателей, состоявшегося в Москве в 1956 году. Начал писательский путь в жанре драматургии.
В 1957 году в журнале «Жулдыз» был опубликован киносценарий «Степные кюи», посвященный жизни кюйши Курмангазы Сагырбаева. В том же году театр юношества Казахстана, а также другие областные театры выпустили на сцену пьесу «Ақ бөпе». Киносценарий «Известные вехи», написанный совместно с К. Мухамеджановым, получил приз республиканского конкурса. В 1971 году историко-революционная драма «Ботагоз», написанная в соавторстве с С. Мукановым, была поставлена казахстанским театром юношества. Пьеса “Под одной крышей” издана на русском языке в Москве, на грузинском-в Тбилиси. Революционную драму “Узник вагона смерти” поставил Семипалатинский областной драматический театр им.Абая.
Сочинения:
Не стреляй в лебедя. Повесть. А., «Писатель», 1966; Степные состояния. Рассказы и рассказы. А., «Писатель», 1968; Отпечаток поэта. Рассказы и рассказы. А., «Писатель», 1970; Сорок ласточек. Новелла. Книжка с картинками. А., «Писатель», 1971.