«Кітапхана оқырманы. Оқу басымдықтары» зерттеу нәтижелерін талдау

Никитина Любовь Николаевна М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК кітапхананы дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі 

«Кітапхана оқырманы. Оқу басымдықтары» маркетингтік зерттеулер акциясын М. Жұмабаев атындағы Ақмола ОӘҒК кітапхананы дамыту бөлімі ұйымдастырды. Зерттеудің негізгі әдісі сауалнама жүргізу арқылы  өткізілді.

Зерттеу құралдары-10 сұрақтан тұратын сауалнама, жабық  – респондентке дайын жауап нұсқалары ұсынылған сауалнамалық сұрақтар, сондай-ақ ашық — респонденттер жауапты өз бетінше әзірлеп, арнайы көрсетілген жерге жазуы керек.

Зерттеу объектілері ретінде  Ақмола ОӘҒК  оқырмандары болды. Сауалнама оқырмандар кітапханаға келген  уақытта толтырылды.

Сауалнама 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында жүргізілді. 60 сауалнама жиналып, өңделді. Шетел тілдеріндегі әдебиеттер, өнер саласындағы  әдебиет бөлімдерінің, абонемент секторының және  мерзімді басылымдар залының  оқырмандарымен жүргізілді. Зерттеу жұмысының мақсаты–кітапхана қызметін жақсарту негізінде  оқырмандардың қызығушылықтарын зерттеу. Респонденттердің жасқа байланысты топтардың  пайыздық  ара қатысы  келесідей:

  • -29 жасқа дейінгі -68%
  • -30-50 жас – 19%
  • -50 жастан –13%

Бірінші блогтың сұрақтары  пайдаланушылардың ақпараттық қалауына қатысты болды. «Қандай ақпарат көздерін ұнатасыз?» деген сұраққа,  жауап берушілердің  82% «кітап» деп жауап берді.

  • -интернет – 58%
  • -отбасы мүшелерімен, достарымен қарым-қатынас – 23%
  • -газеттер мен журналдар – 18%
  • -теледидар – 7%

Респонденттердің  62%-ы «оқуға, жұмысқа қатысты» ақпаратты қажет етеді;  25%-ы  «денсаулық сақтау» ақпараты  қызықтырады;  23% -дан  өз дауыстарын «өзінің әуестігі, хоббиі туралы» және «бос уақытыңызды қайда және қалай өткізуге болатыны туралы» ақпаратты қажет ететіндерге берді; 7% «қоршаған орта туралы» ақпаратты іздейді.

Сауалнама нәтижелері оқырмандардың көпшілігі кітапханаға берілгендігі  және оның тұрақты оқырмандары екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқырмандардың кітапханаға келуі:

  • -жиі – 50%
  • -кейде –35%
  • -өте жиі–10%
  • -басқалар –3%(өте сирек , мүмкіндігінше).

Респонденттердің басым көпшілігі кітапханаға белсенді келеді.Сауалнамаға қатысушылардың, оқудың олардың өміріндегі рөлін ашудағы жауаптары зерттеу үшін ерекше қызығушылық тудырды: «Оқу сіздің өміріңізде қандай рөл атқарады?»:o         -кітап оқу – тұлғаны дамытудың бір жолы- 70%o         -бұл оқудың, жұмыстың қажетті бөлігі – 32%o         -қажетті ақпаратты алу жолы– 27%Респонденттердің  көпшілігі (70%) «кітап оқу – тұлғаны дамытудың бір жолы» екендігі қуантады. Респонденттердің 32%-ы оқу бұл «оқудың, жұмыстың қажетті бөлігі» деп қарастырса, 27%-ы «қажетті ақпаратты алу жолы» деп есептейді.

 Көркем әдебиет жанрлары бойынша оқырмандардың таңдауы келесідей: 

  • тарихи роман – 52%
  • психологиялық роман – 47%
  • махаббат романы – 38%
  • қызықты оқиға – 38%
  • детективтер – 35%
  • триллер мен қасіреттер -18%
  • мистика және фантастика – 17%
  • мемуарлар – 15%
  • боевиктер12%
  • утопия – 7%
  • авантюрный роман – 5%

Оқырмандарымыз қай авторлардың шығармаларын ұнатады?

  • қазақ әдебиетінің классиктері– 58%
  • шетел әдебиетінің классиктері – 50%
  • орыс әдебиетінің классиктері – 35%
  • заманауи шетелдік авторлар – 28%
  • қазіргі қазақстандық авторлар – 23%
  • қазіргі орыс авторлары – 15%

Деректерді талдау барысында отандық, шетелдік және орыс классиктері біздің қолданушыларымыз үшін басымдық болып қала беретінін көрсетеді.

Респондеттердің біраз бөлігі бірнеше ұстанымдары атап өткендіктен, шығармалардың авторларын таңдаудың әртүрлі екенін көрсетті.

Респондеттерге  сауалнамадағы келесі сұраққа жауап беру ұсынылды, «Қажетті ақпаратты толық алу үшін Сізге қандай басылымдар жетіспейді?»

  • ғылыми-танымал – 28%
  • практикалық анықтамалар мен оқу құралдары – 23%
  • оқулық – 22%
  • ғылыми- 15%

 Сауалнама нәтижелері оқырмандардың ақпаратты толық алуы үшін басылымдардың жеткіліксіз екенін көрсетті: ғылыми-танымал (28%), практикалық анықтамалар мен оқу құралдары (23%), оқулық (22%), ғылыми (15%).  Сауалнамадағы «Кітапхана жұмысында нені өзгерту керек деп ойлайсыз?» деген сұраққа  жауап беру барысында,  оқырмандар  «уақытша тіркеуі бар оқырмандарға кітапты белгілі бір жағдайда үйлеріне алуға рұқсат беруге», «интерьер», «кеңестік ғылыми басылымдар сақталсын», «қазақстандық жас авторлардың кітаптары көп болсын», «әлем әдебиетінің қорын жаңарту және толықтыру» сияқты  көптеген қызықты ұсыныстар жасады.

Оқырмандар  абонементте  қордың ыңғайлы орналасуын, сирек кітаптардың қолжетімділігін, оқу залында жұмыс істеуге арналған жеке кабиналардың (орындар) болуын,  анықтамалық әдебиеттердің бөлек және оларды  пайдалануға ыңғайлы болуын қалайды.

Оқырмандар коворкинг орталығында  іс-шаралар  жиі өтетіндіктен, интернет желісі мен  Wi-Fi байланысына қосыла алмай қалатындықтан  және  оқуларына  орын болмай қалғандықтан  өз наразылықтарын білдірді.

«Достарыңызға қандай кітап оқуды ұсынар едіңіз?» деген сұраққа жауап берген респонденттер өте белсенділік танытты.Оқырмандар ұсынған кітаптар тізімі

 Қазақ әдебиеті

Абай «Қара сөздер»

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек»

Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»

Данияр Жігітбек «Лайфхактар»

Мұхтар Әуезов «Абай жолы», «Қорғансыздың күні»

Әбіш Кекілбаев «Аңыздың акыры» «Үркер»

Сабит Муканов «Промелькнувший метеор»

Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз»

Сайын Мұратбеков «Жабайы алма»

Бауыржан Момышұлы «Ұшкан ұя», «Психология войны»

Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»

Зейнеп Ахметова «Шуақта күндер»

Ілияс Есенберлин «Көшпендилер»

Олжас Сулейменов «Азия»

К. Таукенов «Поклонись тюркам»

Шетел  әдебиеттері

В.Гюго «Человек, который смеется»

Стефан Цвейг «Письмо незнакомки»

Конан Дойл «Записки о Шерлоке Холмсе»

К. Макколоу «Поющие в терновнике»

Агата Кристи «Зло под солнцем»

Эрнест Хемингуэй «Старик и море»

Фрэнсис Скотт Фицджеральд «Великий Гэтсби»

Стивен Кинг «Зеленая миля», «Побег из Шоушенка»

Толкиен «Хоббит»

Стивен Пинкер «Лучшее в нас» (публицистика, социология)

Марк Менсон «Тонкое искусство пофигизма; парадоксальный способ жить счастливо» (психология)

Робин Шарма «Ето заплачет, когда ты умрешь?» (психология)

Джордж Клейсон «Самый богатый человек в Вавилоне» (психология)

Джон Кехо «Подсознание может все!» (психология)

ГийомМюссо «Девушка из Бруклина», «Здесь и сейчас» (соврем. заруб. лит.)

Артур Голден «Мемуары Гейши» (соврем. заруб. лит.)

Элена Ферранте «Моя гениальная подруга» (соврем. заруб. лит.)

Орсон Скотт Кард «Игра эндера» (фантастика)

Роджер Желязны «Хроники Амбера» (фантастика)

Захария Ситчин «Двенадцатая планета» (тайны древней цивилизации)

Клаус Шваб «Четвертая промышленная революция», «Технологии четвертой промышленной революции»

Ричард Йонк «Сердце машины»

Чингиз Айтматов «Плаха», « Жан пида»

Әл-Фараби «Философские трактаты», «О некоторыхпринципахфизики»

 Орыс әдебиетінің шығармалары

 А.С. Пушкин «Евгений Онегин»

Михаил Булгаков «Собачьесердце»

Николай Гумилев «Древняя Русь и Великаястепь»

Иван Шмелев «ЛетоГосподне»

 Александр Бек «Волоколамское шоссе»

Михаил Чванов «Вверхпорекевремени»

Владимир Маканин «Предчетя»

Михаил Лабковский«Хочу и буду: Принять себя, полюбить жизнь и стать счастливым» (психология)

Игорь Остецов «Введение в философиюненасильственногоразвития»

Мария Семенова «Волкодав» (фэнтези)

Дина Рубина «Белая голубкаКордовы»

Татьяна Устинова «ПризракКанта»

Анна Берсенева «Слабостисильнойженщины»

Людмила Улицкая «КазусКукоцкого»

Виктория Токарева «Деревонакрыше»

 Сауалнама нәтижесінде оқырмандарды толғандырып жүрген мәселелер мен олардың қызығушылықтары анықталды. Ұсыныстар назар аударуға тұрарлық, респонденттердің ұсыныстарының көпшілігі кітапхана қызметін жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз.