Кенен Әзірбаев (1884 жылғы 19 маусымда, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ елді мекенінде дүниеге келген - 1976 жылғы 12 сәуірде Жамбыл облысы, Қордай ауданында, сол кездегі Киров колхозында (қазіргі Кенен ауылы) қайтыс болды) — қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Балалары: Төрткен (Төрткемпірбіршал), Көркемжан, Бақытжан, Ақтамақ, Ақбілек.
Өмірбаяны
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Кенен өзі өмір сүрген замандағы әйгілі «маусым жарлығы», сонымен сабақтас 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, одан соңғы Қазан төңкерісі, ұжымдастыру науқаны, халық дәулетінің жаппай тәркіленуі, халықты қынадай қырып кеткен ашаршылық, репрессия , соғыс, одан кейінгі тың игеру мен екпінді құрылыстар салу барысындағы желбуаз ұраншылдық сияқты халық тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында болды. Жай сырттай бақылаушы емес, сол тарихи оқиғаларға Кенен сергек араласып, өзінің азаматтық позициясын бойындағы буырқанған дарыны арқылы айғақтап отырды. Бұл ретте, Кененнің әнші, ақын, жырау, күйші ретіндегі алуан арналы шығармаларын өзі өмір сүрген заманының жанды шежіресі деуге болады. Ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі туындатып, бұған қоса асқан шеберлікпен өзі орындаған біртуар дарын иесі.[3] 10 жасында қолына домбыра алып ән сала бастаған. 11 жасында өзінің тұңғыш әні "Ри, қойым", 13 жасында атақты "Бозторғай" әндерін шығарды. Халықтың көңілін елең еткізген бұл ән тез арада бүкіл қазақ даласына тарады. Бала Кененнің аты қырғыз-қазаққа мәлім болып, "Боздаланың бозторғайы" атанды. Сондай-ақ, екі жүздей лирикалық, дидактикалық арнаулар мен толғаулардың авторы. Оның репертуарында оңдаған эпикалық жыр-дастан болған. Сол жыр-дастандарды таңды-таңға ұрып жырлап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйтқысы болған тұлға. Ол ән мен жырдың кеніші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы. Кененнің дарын тегеуріні қазақтың ән өнерін әуендік интонациялық жағынан байытып, әннің түр-тұлғасын жаңа биіктерге көтеріп, тақырып аясына тарихи-әлеуметтік тың мазмұн дарытып, соны өрістерге алып шықты. Оның «Бозторғай», « Көкшолақ», «Бұлбұлға», «Он алтыншы жыл» сияқты әндері әуендік толымды жаңалықтарына қоса, бітім-құрылысы мен тақырыбы тұрғысынан да өзіндік төл сипатымен дараланады. Бұл әндердің қай-қайсысының да астарында уақыт тынысына қоса, ең алдымен Кененнің өзінің тарихи түйсік-зердесі, жалтағы жоқ болмысы аңғарылады. Мәселен, 16-шы жылғы толқудан көп бұрын дүниеге келген «Бұлбұлға» өлеңінде бұлбұлмен мұңдаса отырып, «Қаңғыртқан екеумізді патша құрғыр» деген сөзді айту үшін ыза-кекке қоса, сол кездегі іріп-шіріген саяси ахуалды түсінетін көреген зерде керек қой. Немесе, күндей күркіреген Отан соғысының алғашқы күндерінде-ақ Алатаудың ақиық қыранындай саңқылдап, «Біздің Отан жеңеді!» деп жар салуы – ерге лайық жалтақсыз сенімнің, ақынға лайық оптимизмнің , ақылгөйге лайық көрегендіктің айғағы болса керек.
Ақынға құрмет
Кенен Әзірбаевтың есімі:
- Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылында орналасқан жалпы орта білім беретін №15 орта мектебіне;
- Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында орналасқан мектебіне;
- Жамбыл облысы, Қордай ауданы, "Отар" станциясындағы №41 орта мектебіне;
- Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қожамберді ауылында орналасқан орта мектебіне берілді.
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Шымкент және т.б. қалалар мен аудандарда көше берілді
- 2001 жылдан бері Тараз қаласында екі жылда бір рет Кенен Әзірбаев атындағы "Шырқа, даусым!" атты Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсы өтіп тұрады
- 2009 жылы ақынның 125 жылдық мерейтойына Кенен Әзірбаевқа арналған Қазақстанның пошта маркасы шығарылды
- 2011 жылы ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы "Алатаудың ақиығы" атты деректі фильм түсірілді
- 2013 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды
- 2016 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында "Тұлғалар тұғыры" мемориалдық кешені ашылды
- 2018 жылы Кенен Әзірбаевтың құрметіне ресми сайт ашылды
- 2018 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық филармониясына Кенен Әзірбаевтың есімі берілді
- 2019 жылы Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының алдына ескерткіш қойылды
- Жамбыл облысы, Қордай ауданында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен Кенен ауылы деп аталады. Онда Кенен Әзірбаев атындағы әдеби-мемориалдық музейі жұмыс істейді. Музейдің алдында ескерткіш орнатылған.
- Ақынның 100, 110, 120, 125, 135 жылдық мерейтойлары Республикалық деңгейде үзбей тойланып келеді.
- Кенен Әзірбаевтың шығармашылығы мен өмірі туралы жазылған кітаптар: "Әке рухымен сырласу", "Кенен", "Екі Кенен тумайды", "Әке рухына тағзым", "Ұлы дала жыршысы"
Кенен Әзірбаев артына өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз. Ақиық ақынның өлмес өлең-жырлары мен әсем ән-күйлері халықпен бірге мәңгі жасай бермек.
Марапаттары
- "Ленин" ордені - 1974 ж.
- "Еңбек Қызыл Ту" ордені - 1967 ж.
- "Құрмет белгісі" ордені - 1959 ж.
- "Құрмет белгісі" ордені - 1945 ж.
- Жеті рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен және көптеген медальдармен марапатталған
- Қазақ ССР-ның Халық ақыны - 1961 ж.
- Қазақ ССР-ның Еңбек сіңірген өнер қайраткері - 1956 ж.
- ҚСРО Композиторлар Одағының мүшесі - 1939 ж.
- ҚСРО Жазушылар Одағының мүшесі - 1937 ж.
- Шығармалары:
- Өлеңдер жинағы, а., 1947;
- "Әли батыр", а., 1951, 1986;
- Өлеңдері мен дастандары, а., 1953;
- Әндері, а., 1955;
- Өлеңдері мен дастандары және тексттері, а., 1961;
- Шығармалар жинағы, а., 1967;
- "Ақындар сыры", а., 1969, 2002;
- Таңдамалы шығармалары, а., 1974;
- Бозторғай, а., 1977;
- Тандамалы әндері, а., 1984.
- 5 томдық шығармалар жинағы, 2008 ж.
- 5 томдық шығармалар жинағы, 2017 ж
Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
1917–1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3).
Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922–24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды.
Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Жүсіпбек Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында – 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды.
Өмірі
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911–1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922–1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926–1929) қызметтерін атқарады.[2]
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы – 25 ақпан 1938[1], Алматы) — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушысы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920–1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.
Өмірбаяны
Білім алуы
1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола үш сыныптық қалалық училищесінде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған.
«Айқап» журналында қарашадағы санында (№21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді.
1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болады. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады.
1916 жылы Сәкен сырттай мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды.
1916 жылдан 1 қыркүйектен бастап Сейфуллин негізі қалануына өзі тікелей қатысқан, Бұғылы мектебінде оқытушы болып қызмет атқарады.
1917 жылы 9 наурызда ол Ақмолаға көшіп келіп, онда Ақпан төңкерісі туралы «Біз асығыс жиналдық» атты өлең жазған.
1917 жылдың сәуір айында, Сәкен Сейфуллин, «Жас қазақ» («Жас қазақ») саяси және әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы шілдеде Сәкен "Тіршілік" газетін шығаруға қатысады.
Қыркүйек айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.
Азаматтық соғыс
Ақмола 4 маусымдағы 1918 жылы Ақмоладағы ақтар төңкерісінен соң Сейфуллин тұтқындалып, 1919 жылы 5 қаңтарда Петропавл түрмесіне жіберілген болатын. Ол 47 күн бойы (24 қаңтар - 12 наурыз), атаман Анненковтың «өлім пойызынан» өтті. Омбыда, ол Колчак түрмесінен қашып (3 сәуір), шілдеде туған ауылына жетті. Екі айдан кейін, С.Сейфуллин Әулие-атаға қашуға мәжбүр болды.
Азамат соғысынан кейін
Қазақстан пошта маркалары, 2006 жыл: Уәлиханов, Сейфуллин, Төреқұлов, Сәтпаев
Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол босатылып, Ақмолаға Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік бөлімесінің басшысының көмекшісі болып тағайындалды.
1937 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 25 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.
Ол Сталин қайтыс болғаннан кейін 1957 жылы ақталған.
Естелік
- С. Сейфуллин есімімен Қарағанды облысында С. Сейфуллин атындағы ауыл, Қарағандыда драма театр аталған, Омбы облысының көшелері, Астана және Алматы басты көшелерінің біріне Сәкеннің есімі берілген.
- 2005 жылы Сейфуллин арналған Қазақстан маркасын шығарылды.
- С. Сейфуллин аты Астанадағы Қазақ агротехникалық университетке берілген.
1922-1924 ж. сынаушылардың қай-қайсысы болмасын, әсіресе Темірбай, Сәкеннің таптық позициясын тарихтан хабарсыздар мен байланыстырып, тарихи жетесіздер қатарына қосып жібермекке жан салған болатын. Сондай қаңқу сездерді Сәкеннің «қасарысып, принципшілдікке салынуына» себепші болғанын да естен шығармайық. Мәдени, әсіресе әдеби мұраны игеру саласында жіберген қате-кемшіліктер, артық-кем пікірлер 20-30 жылдарда кімде болса да кеп болғандығын санаттан шығарып тастауға тағы болмайды. Соның ішінде Абай туралы ой-пікірлердің кереғар болғандығы әмбеге аян.
20-жылдардағы қалың айтыс-тартыста кебіртек әңгіме болған бір сала - оқып-үйрену мәселесі. Алаш оқығандары кебіне кеп Абай мен Мағжанды ақын-жазушыларға ұстаз, үлгі мектебі ретінде әдейі ұшындыра керсетіп келді, жазды. Идея дұрыс болғанымен, басыбайлы шәкірт болуды қаламағандар аз емес. С. Мұқанов айтыс екпінімен «ұлтшылдардың, кейбір ұлтшылдыққа бейімдердің алдымызға үлгі ал деп тарта беретіні қазақ ұлтшылдарының шығармалары. Ұлтшыл не еңбекшіл деп бөлмей алғанда, жалпы қазақ әдебиеті езінен езі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ» (Өсу жолдарымыз. -А., 1960, 50-б.)деген қате тұжырым жасап, сынның астында қалған болатын. Осы әңгіменің бір шеті Сәкенге де тиіп жатты. Смағүл Садуақасов «Ұлт театры туралы» мақалаларын 1926 ж. жеке кітап етіп шығарғанда Сәкен оған пікір айтты, сез арасында «Смағүлдің «Секен жазғандарын түзете берсін» деген ақылын рахмет айтып қарсы аламын. Бірақ бір алмайтын жерім, Смағүлдің «сез шеберлігін Абай мен Мағжаннан үйрен» деген ақылын тұтас ала алмаймын.
Үйренуден қашпаймын. Бірақ дұрыс үйретушілерден үйренеміз деймін. Абайды былай қоя тұрайын. Әрине, кей ретте Абайдан үйрену дұрыс» деп табады да, Мағжанға келгенде ерін мойнынан алып тулайды. Өйткені оның орыс оқытушылары Бат. Европаға қашып кеткенінің үстіне «Мағжан «шебер сөздің» молдасы болса, Бөкейханов пен Шоқаев шебер саясаттың молдалары ғой... Осылай болған соң, бұлардың медресесінен мен сірә оқи алмайтын шығармын» деуін психол. жағынан түсінуге әбден болады. Жалпы түсінігінде оқып-үйренуден безбейтіндігі анық байқалып, Мағжанға мұрит болуды ақындық намысы қаламағандығын анық көреміз. Сәкен еш уақытта өз ойын бүркемелеп айтқан пенде емес. Бәрі де ашық, анық. Оның күштілігі де, осалдығы да осында.
1927 ж. Сәкеннің «Қазақтың көркем әдебиеті туралы» деген мақаласы шықты. Оның «Қазақ әдебиеті қалай туып, қалай өсіп, кімнен үлгі алып келеді» деген тарауында 1924 ж. жасаған баяндамасының алыс жаңғырығы жүр. Әсіресе «1905 жылғы төңкеріс дүмпуімен қазақ әдебиеті аздап болса да ұлтшылдық рухымен өсе бастады. Үлгісі енді мүлде ноғай мен орыс әдебиеті болды» деп білді де, «Орысқа алдымен жанасқан қазақтың билері, ақсүйек дінділері болғандықтан, орыс әдебиетінен, ең алдымен, Абай тәрізділер нұсқа алған. Қазіргі қазақ әдебиетінің үлгісі - орыстікі» деп шорт кеседі. Әрине, бүл пікірді бірден қабылдай қою қиын, алайда, әдебиетінің кәсіпкерлік жолға шығуын айтып отырса, онда бұл тұжырымға тарихи сабақтастықты ескеріп, ойлана қараудың артықтығы бола қоймас. Ал Абайдың айналып өтуге болмайтын үлкен тұлға екені осыдан да анық көрінеді.
Таптық көзқарастың салқыны Сәкенге Абай жөнінде сақтана айтуды, мүмкіндігінше, онша жанаса бермеуді ұсынған сияқты. Абайды сөзінің бісмәлласына айналдырар пиғыл Сәкенді революцияшыл белсенділікпен талай сөйлеген шығар деп те қалатын сияқты. Сондайлардың бірі езім болғанымды жасырмайын. Әуелі «Тар жол, тайғақ кешуді» сүзіп шықтым. Абайдың ақындығына байланысты бірде-бір ауыз сөз жоқ. Абайдың бап апары мен ағайын-туыс қандарының аты аталып, «Абай» журналының бұдан әрі шығу-шықпау жайынан басқа бөтен ауыз сез жоқ. Сондай-ақ «Көшпелі дәуірдегі қазақ әдебиетінің күйлерінен», «Әдебиет тап құралы», «Қазақ әдебиеті туралы хат» деген шығармаларында Абайдың жалпы рухы сезілгенмен, тікелей айтылған ой-пікір кездеспейді. «Қазақ әдебиеті» кітабында, Ақмолда, Ыбырай, Ақан сері, Шәкәрім жинақтарына жазған алғы- сөздерінде де Абайға тікелей бағышталған ештеңе жоқ. Қазақстан жазушыларының 1934 жылғы съезінде де Абайға сықпапты. Осы «олқылықтарды» толтырған еңбек -1934-1935 ж. Өтебай Тұрманжанов екеуі 5-класқа арнап шығарған «Көркем әдебиет» оқу құралы десе де болғандай. Әуелі қазақ совет жазушыларын орыс, қырғыз, езбек, тәжік ақын-жазушыларымен таныстырып алғаннан кейін «XIX ғасырдың ақырындағы, XX ғасырдың басындағы қазақ ақындары» деген үшінші тарауда «Классик жазушылардың мәні», «Өткен өмірді түсіну үшін әдебиеттің мәні», «Ескі әдебиетті қалай оқу, білу керек» деген бөлімдерден кейін Абайға арнайы үлкен тарау берілті. Тарихи сабақтастықты сақтау туралы Маркс, Ленин пікірлеріне сүйене отырып «Өткендегі әдебиет мастерлері, көркем сездің көрнекті шебер ұсталары классиктеріміз Абай, Ақмолда, Қарашұлы Омар, Мәшһүр Жүсіп, Торайғыр ұлы Сұлтанмахмұт» деп әрқайсысына жеке-жеке белім арнаулары, әрине, беті оңға бұрылған әдебиет танудың алғашқы қарлығашы еді. Ең алдымен, тарих пен әдебиетінің ара жігін ажыратып, бірі - дәлелдей түсіндірсе, екіншісі - суреттеп кернететіндігін, яғни «Шортанбайдың «Зар заманын» оқысақ, билеуші таптың әкімшілігінен айырылып зарлағанын білесің. Абайдың сезін оқысаң, сары тонға оранып шолтаңдаған бай, байдың малын бағып, жыртық купенің ішінде бүрсеңдеген кедей кез алдыңа елестеп келеді» деген баяндауларда таптық танымның түтінін оңға бұра бастағанын байқаймыз. Абайға арнаған монограф. тараудың «Ақынның балалық шағы» белімін Кәкітай баяндауына негіздей өрбітсе, «Абайдың орыстың және басқа елдің жазушыларымен танысуын» арнайы әңгімелейді. «Кей аудармаларының көркемдігі ана ақындардың түп сездеріне кем болмағандығын» айта келіп, «Абайдың қартайғандағы арманын» - ғылым-білім мен ұрпақ қамына тәуелдейді. «Абайдың елеңі» деген белімде «іші алтын, сырты күміс - сез жақсысын» талап еткенін, жаңа эстетика. норма орнатқандығын айта келіп, Абай «қазақ әдебиетінде ұлы қазына дерлік мұра қалдырды. Осы мұраны Ленинше ұғып, пайдамызға асыру біздің әдебиетіміздің міндеті» деген тұжырымға келеді, «Аттың сыны», «Аңшылық туралы», жылдың төрт мезгіліне арналған елеңдерін оқушы ерсіне лайық баяндай талдап, ақындық шеберлігіне тоқталады. «Тіл ретінен Абайдың шығармалары кеп пайда береді. Қазақ тілінің барлық байлығын, барлық тұлғасын Абай шығармалары толық көрсете алады. Сондықтан да Абай шығармаларының мәні зор. Онан қазақ тілін сұлулап, көркем нақыстап, әдемі кестелеген әсерлі жыр, сұлу, күйлі елең қылып шығару ретінде де Абай үлгі-ернек болатын үздік шебер ақын екендігі белгілі» деп ой түйеді. Абайдың ақындық шеберлігіне шаң жуытпаудың үстіне сол кездегі қызыл көздердің көңілін табу үшін «Ескі тұрмыспен, ескі санамен танысу үстінде Абайдың шығармаларының мәні зор» деп те қояды. Ұлы ақынның үлгі-өнегесінен кез жазбауға шақырып, әрқашан қадір-құрмет тұтуды жас ұрпаққа ұғындырады.
Дарынды дарынның танып, мойындауы әншейінді процесс емес. Л. Н. Толстойдың И. С. Тургенев пен У. Шекспирді, Ф. М. Достоевскийдің Толстойды жазушы деп танымауы сияқты жайлар әдебиет тарихында жиі кездеседі. Оның шет жағасы Абайдың Бұхар, Дулат, Шортанбайлар, Сәкеннің Мағжан жөніндегі лебіздерінен қылаң беретіндігі осыдан. Бұған дәуір идеологиясы араласып, таным-біліктің ұйқы-тұйқысын шығарып жатса, артық-кемді айтылған ой-пікірлерге түсіне қарау жөн болмақ. Айрықша желдете, ажарландыра айтпағанымен, Сәкеннің «қазақ ақындарының ішінде Абайдан елеңге шебері жоқ» деген түсінігі дәуірдің ұйтқи соққан дауылдарында өзгерген жоқ. Сондықтан Сәкеннің Абайға деген ұлы махаббаты жаңашылдық рухтан, реформаторлық ізденістен табылып, қазақ әдебиетіне олжа сұлуы тарихи сабақтастықтың құнарлығына дәлел болары сезсіз.
Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы - 26 ақпан 1938 жыл) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар Одағының тұңғыш төрағасы.
Қысқаша өмірбаяны
- Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан.
- 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
- Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
- 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.
- 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі.
- 1928 жылы институт бітірген соң, "Еңбекші қазақ" газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.
- Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады.
- 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
- 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді.
- 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі.
- 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды.
- 1938 жылы ату жазасына кесілген.
- 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды.
Еңбектері
Көп томдық шығармалар жинағынан томдар (6 және 7). Бұл томдарға өтірік өлеңдері, аудармалары енді. Алматы, Қазығұрт, 2006.
Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды.
Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.
Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.
Ол А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К. Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С. Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.
Библиография
1917 ж. - «Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері.
1923 ж. - «Байшұбар».
1926 ж. - «Балаларға тарту».
1928 ж. - «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы.
1929 ж. - «Күй» поэмасы.
1931 ж. - «Кек» және «Турксіб» пьесасы.
1934 ж. - «Күйші» поэмасы.
1936 ж. - «Исатай - Махамбет» пьесасы.
1936 ж. - «Құлагер» поэмасы.
Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды.[3]
Поэмалары
«Құлагер» - 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды.
"Күй" - 1929 жылы жазылған.
"Күйші" - 1934 жылы жазылған.
"Дала" - 1930 жылы жазылған. Басында "Еңбекші Қазақ" газетінің бірнеше шығарылымдарына жарияланып, 1933 жылы Семейде және 1936 жылы Алматыда кітап болып басылды.
"Рүстем қырғыны" - 1926 жылы жазылғанмен, ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. 1960 жылы шығармаларының екінші томында жарық көрді.
"Исатай" - 1960-1964 жылдар аралығында жарық көрген ақынның 5 томдық шығармалар жинағының 2-томында жарық көрген.
"Мақпал" - 1920 жылдың басында жазылған.
"Байкал" - 1937 жылы жазылған.
"Кәнпеске" - 1920 жылы "Еңбекші Қазақ" газетінде жарияланды.
"Қолбала" - 1964 ж. Алматы облысы, Ақсу аудандық "Өмір нұры" газетінде жарияланды.
"Қуат" - 1932 жылы "Әдебиет майданы" журналында, 1933 жылы Ұжымдық жинақта жарияланған.
"Мәйек" - 1929 жылы жазылып, 1931 жылы кітап болып басылды.
"Бақытты Жамал" - 1930 жылы жазылған.
"Жорық" - 1935 жылы жазылған.
Лирикалық өлеңдері
"Әнші апама" (1909)
"Күзгі гүлге" (1912)
"Тілек" (1912)
1915-1920 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Бір соқыр баланың арманы" (1915-1916), "Жыбырлақ" (1915-1916), "Қалпымыз" (1915-1916), "Жаңылғаным" (1915-1916), "Мұңды құс" (1915-1916), "Қосылыс" (1915-1916), "Игілік" (1915-1916), "Ішім еріп" (1915-1916), "Жанды сөз" (1915-1916), "Талғамалар" (1915-1916), "Замандасқа" (1915-1916), "Бұбұлға" (1915-1916), "Алдымда" (1915-1916), "Жаз-құдаша" (1915-1916), "Маңым" (1915-1916), "Шым-шытырық" (1915-1916), "Не күйде" (1919), "Арыным" (1920), "Бейсембек "Болыс" (1920), "Ортақшыл партияға" (1920),
1921-1924 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Анам тілі" (1921), "Жас бұлбұлдарға" (1921), "Жарлылар ұйымының жетісі" (1921), "Жетім" (1921), "Ағынды менің Ақсуым" (1921), "Жалпы жасқа" (1921), "Қазақы қорытынды" (1921), () "Некешілдер" (1921), "Атадан да балаға ана жақын" (1921), "Тапанша" (1922), "Бұлт" (1922), "Жанартау" (1922), "Жастар ұраны" (1922), "Жазғы таң" (1922), "Жазғытұрым" (1922), "Жазғы шілде" (1922), "Егінші" (1922), "Күз" (1922), "Қыс" (1922), "Ақсабан" (1923), "Жауында" (1923), "Мезгіл суреттері" (1923), "Меніңше" (1923), "Жел" (1923), "Бөлек-салақ ойдан" (1923), "Жас жалшыға" (1923), "Тас" (1923), "Жайлау" (1923), "Көктемде" (1923), "Баспаханадағы қыр қазағы" (1923), "Кедей тойы" (1923), "Қойшы ойы" (1923), "Ұлы күн" (1923), "Май тойында" (1923), "Сапарда" (1923), "Жоқ" (1923), "Тұңғыш тоғысу" (1923), "Қосылыс" (1923), "Боранбай не ойлап жүр" (1923), "Ықшылбай" (1923), "Саудагер тамашасы" (1924), "Ит-ай" (1923), "Жарқынбай, Беркінбай" (1923), "Қырман" (1924), "Октябрь күні" (1924), "Орақ науқаны" (1924), "Ұлт отауын тіккендер" (1924), "Өк, көк өгіз" (1924), "Желді күн" (1924), "Бұлақ бойында" (1924), "Ойлану" (1924), "Саналы жастарға" (1924), "Көлге" (1924), "Біздің күз" (1924), "Ленин өлді" (1924), "Түн" (1924), "Ажырауда" (1924), "Лермонтов" (1924).
1925-1930 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Ленин тірі" (1925), "Беташар" (1925), "Желді Қарағай" (1925), "Сабын" (1925), "Саптыаяқ" (1925), "Көш-қон" (1925), "Коммуна" (1925), "Сұрау" (1925), "Жетісу суреттері" (1925), "Оқимын" (1925), "Саудың сандырағы" (1925), "Өтініш" (1925), "Көш-жөнекей" (1925), "Тас шешей" (1925), "Бөбек бөлеу" (1926), "Жауын" (1926), "Заман" (1926), "Майдан" (1926), "Ауылдың алды" (1926), "Жүдеу жүрек" (1926), "Күн шыққанда" (1926), "Күнгей" (1926), "Ресей жері" (1927), "Шал мен кеіні" (1928), "Қазақ қызы" (1928), "Қақпан" (1928), "Бүгінгі дала" (1928), "Мавзолей" (1929), "Алатау" (1929), "Домбыра" (1929), "Қазақстан" (1929), "Шоқпарға" (1929), "Кәне, шыдар қай майдан?" (1929), "Гималай" (1929), "Серт" (1930), "Алтын қазан" (1930), "Ақын мен Мақым" (1930), "Түс" (1930), "Апырым-ай, жан қысылды-ау" (1930), "Жүр ме екен Сәуле" (1930), "Жаным жылама" (1930),
1931-1937 жылдары жарық көрген өлеңдер
"Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалды көмек" (1932), "Бесжылдықтың ерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйге келем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936).
Сатиралары
"Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәле тілден" (1935), "Борнабай не ойлап оқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлген молданың өсиеті" (1923), "Саясат қошқарлар" (1922), "Сұрпақпай Сұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктің түрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяның ұясы" (1928).
Жансүгіров есімін арқалап жүрген нысандар
Жетісу облысы Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіров дүниеге келген ауылы өз атымен аталған (Жансүгіров ауылы). Бірнеше қалада мектептер мен көше атаулары Ілияс Жансүгіровтыі құрметіне аталған. Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Жансүгіров есімін арқалап жүр. Сонымен қатар, Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.
Отбасы
Ол 4 рет үйленді.
Бірінші әйелі (1912-1914) - Жамила, нағашысының жесірі (жергілікті байдың қызы)
Екінші әйелі (1922-1925) - Аманша Берентаева, аяғы ауыр және денсаулығы нашар болып, қайтыс болды. Босанардағы сырқаттарға төтеп бере алмады. Сол кезде Жансүгіров Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқуға кетті.
Үшінші әйелі (1929-1931) - Фатима (Бәтима) Төребаева. Бәтима Төребаевадан ұлы Саят және қызы Сайра туады. Бәтима Мәскеуге оқуға кеткенде Ілияс Жансүгіров жақын досы, әйгілі мұғалім Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитовамен қарым-қатынас орната бастайды. 1931 жылы Жансүгіров Фатима Төребаевамен ажырасып, 1943 жылы Фатима туберкулезден қайтыс болды.
Төртінші әйелі (1932-1938) - Ғабитова Фатима Зайнуллиновна (1903-1961). Фатима Қапалдағы татар көпесінің қызы еді. Біләл Сүлеев тұтқындалған соң, Фатима Ілияспен отау құрады. Ілиясқа Үміт, Ильфа, Болат есімді үш бала сыйлады. 1938 жылы Ілияс қайтыс болғаннан кейін, Жансүгіровтың жақын досы Мұхтар Әуезов жесір қалған Фатиманы өз қамқорлығына алады.
Фатима Ғабитовадан туған балалары:
Қызы - Үміт Жансүгірова (1933), дәрігер.
Қызы - Ильфа Жансүгірова-Жандосова (1935) - мұғалім, неміс тілінің мұғалімі, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың бұрынғы президенті.
Ұлы - Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (1937-2004) - танымал қазақстандық сценарист және кинодраматург.
Фатима Төребаевадан туған балалары:
Саят Жансүгіров (1930–2021) - кенші, техника ғылымдарының кандидаты.
Асырап алған балалары:
Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды.
Ұлы - Жәнібек Сүлеев (1923-1943) - Ұлы Отан соғысында Смоленск маңында қаза тапты.
Ұлы - Азат Сүлеев (1930-1997) - түрколог.
Қазақ әдебиетіндегі орны
Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (15 қараша 1894, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы - 26 ақпан 1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдықовпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды.
Өмірбаяны
Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан.
- Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.
- 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.
- 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журналдарына жазып тұрады.
- Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.
- 1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925).
- 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.[4]
- 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.
Шығармалары
Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Ғабит Мүсіреповпен бірге "Амангелді" фильмінің сценарийін жазған.
Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).
Өмірі
Ұлы жүздің Суан руының Елшібек тармағынан шыққан. [1]
Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес.
Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
Әбілхан ағаның жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі: барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет. Осы бір қарапайым да қасиетті қылқалам шеберінен біз көп өнеге алдық. Ол — бұрын сурет өнеріне қойылған тыйымды тұңғыш тойтарып, төл өнерді төрге сүйреген жан. Бір бастаған картинасын аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді адам еді. Әбекеңнің үйінде әңгімелесіп отырғанда: "Мен жақсы көрмейтін адамдарымды қолдан тұншықтырып өлтірдім!" — дегені бар. Ал өзінің құмырсқаға қиянаты болмаған. Мұның мәнісі — ұнатпаған адамды кескіндеген жоқпын дегенге саяды. Шынында да, суретші қаламына іліккен адамның рухани ғұмыры ұзарып, тарихта қалады. Біз кеткен соң да сурет өнері жасай береді. Жалпы, суретте тіл жоқ, түсінісу бар. Басқаша айтқанда, суреттің тілі де — тілсіз тіл, оны кез келген ұлт ұғады. Бірақ әрқалай ұғады. Маған айрықша ұнайтын суретшім — Верещагин. Ол өзі көрген соғыс сұрапылын жазған. Қастеев те солай, өз көргенін көркемсуретке көшірген. Өлмейтіндігі де содан. Олардың суреті — келешекке ғұмыр... Әбілхан аға сурет салудан қолы босай қалса, бір минут та бір орында байыз тауып отыра алмайды екен. Ананы жөндеп, мынаны жасап жіберу... Жаңа үйге көшіп барған бұларға көрші-қолаң ерекше бір таңданыспен қарап жүрді. Бірде Әбілхан аға қолына кетпенін ұстап, бақшасында жұмыс істеп жүрсе, бір көршісі қашаның арғы жағынан сығалап тұрса керек. Амандықтан соң көршісі: "Осы үйге бір үлкен, атақты суретші көшіп келді дейді. Сіз білетін шығарсыз ол кісіні. Қандай екен өзі?" деп қызығушылығын жасыра алмапты. Аңыздай көрінген адамы мұнша қарапайым болар деп ойламаған шығар, мүмкін, ол.
— Бәріміз отбасымызбен көшеге шыққанда бір кварталды қырық минутта әрең жүріп өтуші едік. Әкемді білмейтін адам кемде-кем. Амандық-саулық сұрасқан ел, — деп Гүлнәзия апай сол күндерді сағына есіне алды. — Мысық екеш мысыққа дейін әкемді төңіректеп жүруші еді. Өзі де тарлау үйімізде ауылдастар бар, біз бар, бәріміз мәз-мейрам боп жатқан күндердің бірінде әкем үкі алып келіпті. Кептерлеріміз тағы бар... Жан-жануарларды жанындай сүйетін әкем құмырсқаның тірлігіне де таңданып, осы бір жәндіктен үлгі алыңдар деп отыратын. Ол, әсіресе, "Жолбарыс" деп аталатын итіне көп көңіл бөліп, назар аударатын-ды. Жаны нәзік ағаның жүрегі де нәзік еді. Бірнеше рет инфаркт алған. Ауруханадан үйге алып келе жатқан мәшине бұрылыстан көрінгенде, алдымен Жолбарыс алдынан жүгіріп шығады. Екеуі үнсіз ұғысады. Әбілхан аға дүние салардан бір күн бұрын Жолбарыс та жоғалып кетіпті. Жақсы ит өлігін көрсетпейді... Бұл — қазақтың жеті қазынасының бірі дейтін иттің де иесінің өмірден өтерін, елдің бір қазынасы — талантты ұлынан айырыларын соқыр түйсігі арқылы сезінуінің белгісі екен-ау.
Әбілхан ағаның жүрегі таза таңданыстан жаралған. Ол аспандағы ұшаққа қарап, "бәленбай тонна ауада қалай қалқып тұр" деп, адамзат ақылына тағы бір таңданады. Табиғаттың әрбір жаратылысына үңіліп тұрып, "қандай ғажап система" дейді ол. Осы таңданысының барлығы қылқаламынан сурет болып төгілді емес пе? Бұл да ұлыларға ғана тән ерекшелік шығар. "Ер адамның Құдайы ішінде". Әбілхан ағаның сөзі. "Құдай бақты барлық адамға бірдей береді. Оны ұстай алу — өзіңнің құзырыңдағы іс. Ұшырып алсаң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес" дейді. Қастеевті Қастеев еткен де дәл осы ұстаным, дәл осы — әфсана.
Туғанына 100 жыл толып отырған ұлттың дара тұлғаларының бірі Әбілхан ағаның сүйікті қызы Гүлнәзия апайдың сағынышты әңгімелерінің ішінен қарапайым әкенің әлемін ойып алдық. Даңқ тұғырына мәңгі көтерілген Қастеевтің қарапайым әлемін қазақтың дана қарттарын, ауылдың сол бір қазына қарттарын сағынғандықтан ба, аралай бергің келеді екен. Балалары мен ошағына бақыт, кең байтақ Отанына мерей сыйлаған сирек тұлга Ә. Қастеевтің жеке мұражайын ашу — бар, жоғын түгендеп жатқан елдің атқарылар бір ісі екені көрініп тұр.
Ендеше суреттерінің өзінен "даланың иісі бұрқырап" тұрған данамызға лайықты құрмет жасау парыз.
Танымал туындылары
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.
Марапаттары мен лауазымы
- "Қазан төңкерісі" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
- Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).
- Қазақ КСР халық суретшісі (1944).
- Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР-нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қазақсан жерінде» атты туындылары үшің.
- 2004 жылы Ә.Қастеевтің 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 50 теңгелік естелік монетаны айналымға шығарды.
- 2014 жылы Алматыда Қастеев үй-мұражайы ашылды.
Естелік
- Кастеев атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар бірнеше қалалардағы көшелер аталған.
- Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды.
- 2004 жылы Қастеевке арналға пошта маркілері шығарылды.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов (15 ақпан 1914 жыл – 23 желтоқсан 1970 жыл) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964 жылдан КСРО халық әртісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.
Өмірбаяны
Шәкен (Шаһкерім) Айманов — актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.[1] Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.
Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.
1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.
Орталық зираттағы Шәкен Айман қабірі басындағы құлпытас.
Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді.
Театр
Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынды. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951).
Ол М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.
Ш. Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.
Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
Кино
1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.КСРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н.Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.[4]
Фильмографиясы
Актер ретінде
- 1940 - Райхан - Сәрсен
- 1943 - Ақ раушан - Жақпан
- 1945 - Абай әндері - Шәріп
- 1948 - Алтын керней - Жақан Дасанов
- 1952 - Жамбыл - Жамбыл
- 1956 - Біз осында тұрамыз - Бейісов
- 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - драма актері
- 1960 - Бір ауданда - Сабыр Баянов
- 1964 - Алдар көсе - Алдаркөсе
- 1968 - Тақиялы періште - эпизод
- 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай
- Дыбыстаушы ретінде
- 1968 - Ақсақ құлан - текст авторы
Режиссер ретінде
- 1954 - Дала қызы
- 1954 - Махаббат туралы аңыз
- 1956 - Біз осында тұрамыз
- 1957 - Біздің сүйікті дәрігер
- 1960 - Бір ауданда
- 1961 - Ән шақыруда
- 1962 - Жол түйісі
- 1964 - Алдар көсе
- 1966 - Ата-бабалар мекені
- 1968 - Тақиялы періште
- 1970 - Атаманның ақыры
- Сценарийші ретінде
- 1960 - Бір ауданда
- 1961 - Ән шақыруда
- 1964 - Алдар көсе
- 1968 - Тақиялы періште
- 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай
Марапаттары
- Қазақстанның халық әртісі;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968);
- КСРО Халық әртісі (1964);
- КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952).
Естелік
Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы — 2022 жылы 5 ақпан) — Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.
Өмірбаяны
Тегі
Әлімұлы тайпасының Шекті руының Жақайым тайпасынан. Ата-тегі Арал маңын ежелден қоныс еткен. Жетінші атасы Тайқожа батыр, одан Қалдан, одан Арғынбай би, одан өз заманында асқан байлығымен танылған Сыланбай, одан туған Нұрпейіс болыс болған. Нұрпейістен Кәрім, Нәжім, Қали деген ұлдар туған. Осы үшеуі, Кәрімнен туған Әбдіжәміл төртеуі 1941-45 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұлардан аман қалғаны Әбдіжәміл ғана. Әкесі Кәрім қыран салып саяттаған, ауылнай қызметін атқарған кісі. Соғыс қарсыңында балық колхозында істеген. 1944 жылы 21 сәуір күні Тернополь түбіндегі ұрыста қаза тапқан.
Өмір жолы
Жазушы өзі туралы сыр-сұхбатында: «Біздің ру жақайым, одан Бәйдібек, одан Бәйімбет шығады. Бәйдібек батыр, бір тайпа елдің басшысы, көсем болған кісі. Әбілқайырмен бірде тіл табысып, бірде тіл табыса алмай, алшайысып жүретін өркөкірек, өзімшіл жан болыпты. Орыс офицерінің жазуында 1745 жылы қайтыс болды делінген. Батырды жерлеуге Нұралы хан және Есет Көкіұлы батыр келіпті. Алтыншы атамыз Қалдан жуас, қой аузынан шөп алмас момын кісі болыпты. Дегенмен, өз жөнін ақылына бағындырып отырады екен. Бесінші атамыз Арғынбай заманында би болған, сөз білетін, от ауызды кісі деседі. Бірде жол жүріп келе жатқан Арғынбай ауыл шетіндегі үйге келіп түседі. Үй иесі дастарқан жайып: “Ареке, алдыңызға жібек дастарқан жайдық, зерен қойдық, сол зерендегі асқа ат қойып ішіңіз”, – депті. Ыдыстағысы боза болса керек. Сонда Арғынбай тұрып: “Мынау мойтап деген ас екен, Ішіп ал да ой тап деген ас екен, Ақылды ішсе – дана болатын ас екен, Ақымақ ішсе – диуана болатын ас екен”, – деп сусынды ерніне тигізіп, қайтарып беріпті деседі. Арғынбайдың басында құлпытас бар, оны баласы Сыланбай кірешілерге ілесіп Орынборға барған кезінде әкеліп орнатқан. Сыланбайдан – Нұрпейіс, Нұрпейістен – Кәрім, Кәрімнен – өзім. Өзім туған 1923 жылымды білгеніммен, айы-күнін білмеймін. Соғыстың алдында әкемнен: “Қай күні тудым?” – деп сұраған едім, “Оны қайтесің?” – деді. “Комсомолға өтейін деп едім”. “Ит біліп пе. Теңіз жағасына қар жауды. Кешкісін ауылдың сиырына қасқыр тиді. Қасқыр қарнын жарған қара өгіздің етінен шешеңе қалжа жасап бердік. Ойымша, шамамен қараша болуы мүмкін”, – деген еді жарықтық. Нұрпейіс екі сайлауда болыс болған, екінші сайлаудың ортасында мешіт ұстаған. Имамы Бұхарадан бітіріп келген Үмбет ақын. Беларан деген аласа тау бар. Қатпар-қатпар тас, алқа бел ұзын, бір тұмсығын теңізге сұғып жатады. Сол жердегі ауылда оқыдым. Бізде Арқадағыдай аштық болған жоқ, теңіз жағалап балық аулағанның өзегі талмайды екен. Зәт дегеннің үйін жалдап оқыдық. Кейде әйелі шығып: “Бүгін сабақ болмайды. Қожайын ауырып қалды”, – дейтін. Ол күні қуанып үйге қайтамыз. Ақерке есімді сұлу апайымыз сабақ берді. Нұрпейіс ерте 53 жасында қайтыс болды. Қаңтарда әжем бақилыққа аттанды. Мен де шешемді мойындаған жоқпын. Нұрпейістің кенжесі болып өстім. Сол жылы өзім жалаңаяқ болған соң мектепке бармадым. Келесі жылы 2-сыныптан оқыдым. 3-сыныпты Құландыда, 4-сыныпты Көкаралда бітірдім. Менің оқуым ит тістеген терідей болды. 5-сыныптан бастап дұрыстап оқыдым. 6-сыныпта интернатта жаттым», – дейді.
«Сәбит Мұқановтың “Адасқандар”, “Жұмбақ жалау”, Мұхтар Әуезовтің “Абай” романындағы алғашқы екі кітабы (эпопеяның екінші кітабы кейінше шықты), Сервантестің “Дон-Кихот” романының қазақша аудармасы қол сөмкемізден түспеуші еді”.
10-сыныпты оқып жүріп повесть жазғалы бел будым. Әскерден қайта оралсам – баяғы жазғандарымның бәрі жоқ. Қатесі көп еді, жоғалғаны жақсы болды.» – дейді жазушы естелігінде.
1942 жылы орта мектепті тәмамдасымен армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курлянд плацдармындағы шайқастарға қатысты. «Біраз жасадым. Еш уақытта бұл жасқа келемін деп ойламаппын. Тәркілеу болып жатқан уақыт есімде. Сол кездегі көп нәрсе көз алдымда. Ашаршылықты көрдім: өмірге өкпем жоқ. Қайғы-қасіреті, қуаныш-қызығы да көп болды. Аштықта есектің етін жегендер болыпты. Мектепте оқып жүргенімде күнде маған сүтке салып, бір кесе сөк беретін. Әкемнің екі әйелі болды. Кешқұрым туыстар біздің үйге жиналады. Көшелі атамыз кіріп келіп, екі келіні тазалап отырған шикі қаздың басын алып, тұмсығынан ұстап, аузына салып, ұзақ талмап шайнайтыны есімде қалыпты. Бұл аштықтың тіршілігі еді. 1943 жылы наурызда лейтенант болдым. Әуелі ұшқыштар курсын оқытты. Курс маған қиын болды. Әуеге көтерілген кезде көп құсатын едім. Ұшақты қондыру да маған қиынға соғатын. – дейді жазушы.
1946 жылы желтоқсанда әскерден босанған Әбдіжәміл армия қатарында жүріп бастаған «Курляндия» романын жазуға кіріседі. Оны бітіріп баспаға берген соң, бір жыл Қазақ мемлекеттік университетінде оқиды. 1954 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтына түсіп, 1956 жылы бітіреді. Тырнақалды кітабы үшін Жамбыл атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанады. Проза саласында үзбей еңбектенуімен қатар, өткір сынымен, публицистикалық мақалаларымен де көзге түседі. 1962-1964 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының органы – «Жұлдыз» журналының бас редакторы болып істейді, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1964 жылдан бері ұзақ жылдар бойы бірыңғай шығармашылық қызметпен шұғылданып, нарық заманында халықаралық қазақ ПЕН клубын ұйымдастырып, оның президенттігіне сайланады. 2000 жылы ПЕН клуб жанынан «Таң-Шолпан» журналын шығарады. Көп жылдардан бері осы әдеби-көпшілік журналының редакторлар кеңесінің төрағасы. Өткен XX ғасыр қазақ әдебиетіне мол сыбаға қосқан суреткерлердің бірі – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы, басқа да шығармалары отыз шақты шетел тіліне аударылып, ұлттық әдебиетімізді дүние жүзіне танытып, әлем әдебиетшілері қасқа-жайсаңдарының үздік бағасына ие болды. Француз Луи Арагон, ресейлік Юрий Казаков, Сергей Баруздин, Анатолий Ким, Николай Афанасьев, Лев Аннинский, Леонид Теракопян, Валентин Оскоцкий, испандық Август Видаль, қырғыз Шыңғыс Айтматов, башқұрт Мұстай Карим, немістер Лео Кошут, Ральф Шредер, қазақстандық Мұқтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұхамеджан Қаратаев, Тахауи Ахтанов, Серік Қирабаев, Зейнолла Қабдолов, Герольд Бельгер, Ақселеу Сейдімбек, т.б. ол туралы тебірене жазды.
« «...Әбдіжәмілдің өмір бойы жазғаны біртұтас, бір ғана эпопея десе лайық. Ол эпопеяны «XX ғасыр және қазақ әлемі» деп атауға да болар еді. Ғасыр басындағы сергелдең («Қан мен тер»), ғасыр ортасындағы сұрапыл («Курляндия»), ғасыр соңындағы сүргін («Соңғы парыз») біртұтас сабақтастығымен көркем полотно құрайды».
Ақселеу Сейдімбек
Қуатты қалам иесінің жазып жүрген естеліктері де көркем мемуарға жаңа леп әкелді. Қаламгердің жанкештілігі сондай, дүние жүзіне әйгілі шығармаларының өзін әр басылымы сайын қатаң сын тезіне салып, ұштап, сүргілеп, қырнап, мінеп отырады. Бұл – көркем сөз құдыреттілігі алдында бас ию. Әдебиетке сүйіспендікті, ар ісіне берілгендікті ұлы [[Абай]] айтқан «жар ісіне» теңгеру. «Қорлығына», «мазағына», азабына көну. Әдебиеттің жауапшылығы зор дүние екендігін байыбына бара түсінгендік.
«Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы Нұрпейісовтің ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің табысы. Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды. Жазушы ретінде «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», Қазақстан мемлекетінің «Отан» орденімен марапатталған.
Ол – КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бұл мәртебелі сыйлықты жазушылардан Қазақстанда үш қаламгер: Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиев қана алған.
Марапаттары
- Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендері;
- «Еңбек Қызыл Ту» ордені;
- «Құрмет Белгісі» ордені;
- КСРО Мемлекеттік сыйлығы;
- Қазақ ССР-і Халық жазушысы. 200 томдық Бүкіләлемдік кітапхананы дайындап басып шығаруды жүзеге асыруға белсене атсалысқаны үшін, оның ішінде осы сериядағы Мұхтар Әуезовтың екі томдығына арналған алғысөзді мұқияттылықпен жазып шыққаны үшін РКФСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы;
- Қазақстанның «Отан» ордені;
- 1985 жылы «Қазақ КСР халық жазушысы» құрметті атағы берілді.
Экранизация
- "Қан мен тер" фильміне арналған постер
- 1978 жылы Әзірбайжан Мамбетов пен Юрий Мастюгин Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романының желісі бойынша екі бөлімнен тұратын кино түсірді.
- Сценарий авторы: Андрей Михалков-Кончаловский, Родион Тюрин
- Оператор: Асхат Ашрапов
- Суретші: Ыдырыс Қарсақбаев, Р.Каримов
- Композитор: Ғазиза Жұбанова
- Дыбыс операторы: Қадыр Кусаев
- Басты рөлдерде: Әнуар Молдабеков, Тұңғышбай Жаманқұлов, Г.Шойбекова, Ыдырыс Ноғайбаев, Н. Рахимов, Ж. Кайрлиев, Е. Евстигнеев, В.Сошальский, Олег Видов, М. Таванов, А. Құланбаева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Ш. Хакимжанов, Қасым Жәкібаев, Ю. Герасимов, Ш. Ахметова, Римма Кабдалиева, Айша Абдуллина, Кененбай Қожабеков, А. Собелев, Г. Юдин, В. Гусев, Лола Абдукаримова.
- Фильм 1979 жылы Мәскеуде өткен ВДНХ КСРО-ның Алтын медальын және Ашхабад қаласындағы өткен кинофестивальда "Ең үздік тарихи-революциялық фильм" номинациясы бірінші жүлденің ие атанды.
Ескерткіш
Ақтөбе қаласындағы "Қан мен тер" романының кейіпкерлеріне арналған ескерткіш
2008 жылдың 14-қараша күні Ақтөбе қаласында "Қан мен тер" трилогиясының кейіпкерлеріне арналған Ерік Жауымбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл Қазақстандағы әдеби туындының кейіпкерлеріне арналып жасалған алғашқы туынды. Ескерткіш Ақтөбе облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы кітапхананың алдында орналастырылған.
Мүсіндік копозицияда "Беларан" аралындағы романның негізгі жеті кейіпкері және ит мүсінделген. Ескерткіш құны 324 000 АҚШ долларын құрайды.[15]
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.
Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан.
- Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949).
- Нарынқол ауданында мұғалім болды.
- "Жұлдыз" журналында жұмыс істеген.
- "Балдырған" журналында қызмет атқарған.
- Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70).
Шығармалары
- "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы
- "Он алты жасар чемпион" (1951)
- "Бақыт жолы" (1952)
- "Алыстағы ауылда" (1953)
- "Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повестьі бойынша жазылған киносценарий де фильмге түсірілді (1965).
- "Дала жұлдызы" (1960)
- "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)
- "Гауһар" (1966) повестерін жазды.
- "Менің атым Қожа повестьі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
- "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)
- "Әпенденің айласы" (1960)
- "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.
- Б. Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).