2020 жыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша

Бүгінгі күні  қоғамдағы жегі құрттың біріне айналған сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметкерлердің өзінің лауазымдық өкілеттері мен мүмкіндіктерін жеке бас немесе топтық мүдде үшін пайдалануын білдіреді. «Коррупция» ұғымы тіпті сонау римдіктер дәуірінде –ақ пайда болған және ол «бүлдіру, зиян келтіру» дегенді білдіреді. Қазақстан өзінің егемендігін жариялаған жылдардан бастап қоғамдағы осы бір қауіпті құбылыспен күресуге баса назар аударып келеді. Бұл бағытта қаншама заңнамалық актілер қабылданды. Сыбайлас жемқорлық орасан зор экономикалық және әлеуметтік зардаптарға соқтыру мүмкін. Жемқорлық қоғамның дамуына, оның демократиялық, моральдық-этикалық негіздеріне нұқсан келтіретін аса қауіпті құбылыс. Сыбайлас жемқорлық жаңа ғасырда да әлемнің көптеген мемлекеттерін мазалап отырған елеулі мәселелердің бірі болып қалуда.Осыған байланысты М. Жұмабаев атындағы  АОӘҒК-ң  мерзімді басылымдар бөлімі екі тілде «Коррупция – мемлекет қауіпсіздігіне қатер. Коррупция – препятствие к развитию»  атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Казахстанская правда», «Юридическая газета», «Заң газеті», «Заң», «Заң және заман», «Фемида»,  «Правовая реформа»  сынды газет журналдар бетерінде жарияланған  мақалалар  алынып,  оқырмандар назарына ұсынылды.

5 қазан Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқарамасының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның коворкинг орталығында кітапхананың шығармашылық қызметкерлеріне арналған Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде құқықтық дәріс өтті. Бұл тақырып өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Іс-шараның спикерлері: Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Бекназарова Гүлмира Саматқызы және «Ақмола облысы өнеркәсіпкерлері мен кәсіпкерлерінің одағы» заңды тұлғалар бірлестігі президиумыныңтөрағасы 3 санатты кәсіби медиатор – Әміржанов Асқар Сұлтанбекұлы, Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқарамасының әкімшіліктік-құқықтаржұмысы жөніндегі басшы Б.Б.Хабибуллов қатысты.

Кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан да,Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқарамасы жанындағы мекемелерде осындай іс-шаралар жиі болып отырады. Бұл әрине басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасаудың бірден-бір дұрыс қадамдары.Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Кітапханада тақырып бойынша көрме қойылды және шолу жасалды. Іс-шараны М.Жұмабаев атындағы кітапхананың  директоры Т.К.Ибраев ашты. Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыста өткізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Бұндай іс-шаралар өңірдің барлық мәдени мекемелерінде өткізілетін болады.

Мен  және менің құқығым

 Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның  «Шамшырақ»балалар коворгинг орталығы  өз жұмысын жалғастыруда. 14 қазан 2020 жылы «Мен және менің құқығым» атты   қалалық мектеп  оқушыларымен  онлайн режимінде дөңгелек үстел  өткізді. Бұл дөңгелек үстелде ең бастысы жалпы адам құқығы және балалар  құқықығы жайлы айтылды. 20 қараша 1989 жылы «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Сол уақыттан бастап ,10 желтоқсан – адам құқығы күні болса, 20 қараша- балалар құқығы күні болып  қабылданды.