Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауларына ер азматтарға алғыс білдіреді. Сіздерге отбасылық бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз!
Author: aounb
-
“Саған, Менің қалам” кітабының тұсаукесері
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында публицист, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлия Қойшыбайқызы Ахетованың «Тебе, мой город» атты кітабының тұсаукесері өтті.
-
Аналар – асыл жандар
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Халықаралық әйелдер күніне орай барлық аналар мен сұлу аруларды құттықтай отырып, «Аналар-асыл жандар» атты ақпарат + ұсынады.
-
8 наурыз
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қыз өссе — елдің көркі» атты таймлапс ұсынады. -
«Тебе, мой город» кітабының тұсаукесері
5 наурыз М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында публицист, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлия Қойшыбайқызы Ахетованың «Тебе, мой город» атты кітабының тұсаукесері өтті.Іс-шараның мақсаты: Жаңа кітаппен және жергілікті жазушының шығармашылығымен танысу, Знакомство с новой книгой и творчеством местного писателя, белгілі тұлғалардың – жерлестеріміздің жақсы үлгісі арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімге тәрбиелеу.Әлия Қойшыбайқызы Ахетова – публицист және жазушы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі. Ондаған кітаптың авторы. Ол кітап жазумен қатар балаларды өмірді сүйуге, сөзді бағалауға үйретеді. Белсенді өмірлік ұстанымы бар, өткір сөзді адам. Қала тұрғындары Ахетованың шығармашылығымен, оның баспасөздегі және әлеуметтік желілердегі очерктерімен, Ауғанстан ардагерлері туралы жарияланымдарымен жақсы таныс, көптеген жылдар бойы ол сол соғыстың батырларын іздейді және олар туралы кітаптарында айтады. Алайда, оның қызығушылықтары өте кең – оның біздің сүйікті Көкшетау қаламыз туралы көптеген жарияланымдары бар және де бүгін біз қалаға және оның адамдарына арналған циклден «Тебе, мой город» атты екінші кітабын ұсынамыз. Кітапқа атақты жерлестеріміз туралы қысқаша 22 эссе енген.Бұл адамдардың барлығы кәсібі мен қызметі бойынша әртүрлі. Олардың барлығы туған қаланың игілігі үшін өмір сүреді және жұмыс істейді.Іс-шарада кітап кейіпкерлері сөз сөйледі танымал суретші, Қазақстан өнер академиясының корреспондент мүшесі, бейнелеу өнерінің шебері, оның жұмысы қаламыздан тыс жерлерде де белгілі – Дулат Коспанов.Багиля Дүсенқызы Закрина-жоғары санатты хирудотерапевт дәрігері, реабилитолог-физиотерапевт, Көкшетау қаласы Қоғамдық Кеңесінің, Ақмола облысы іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Денсаулық сақтау үздігі.Сонымен қатар кітап туралы ойларымен: Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, облыстық мәслихаттың депутаты – Нұртас Ахат, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі – Рена Клышевна Жуманова және Көкшетау қаласы тарихи музейінің директоры – Ботагоз Жакеновна Габдуллина бөлісті.Кеш соңында «Еркін микрофон» форматында пікір алмасу өтті. Аталмыш іс-шараға демеушілік көрсеткен “Фужер.кз”және «Цветочная база №1» дүкендеріне алғыс білдіреміз.Іс-шараға келген қонақтар: педагогтар, кітапханашылар, жоғары оқу орындарының филалогия факультеттерінің студенттері, БАҚ өкілдері. -
8 наурыз
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қызғалдақтар бәйгесі» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараға №21 мектеп-лицейі мен №12 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар Ана мен қыз туралы сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды шешті.
Кеш әдемі әнмен жалғасып, оқушылар аналарына, ұстаздарына және барша әйелдер қауымына арналған жыр шумақтарын арнады. Әдеби кеш аясында қыздар мен ұстаздарға гүл шоқтары сыйға беріліп, тәтті дастархан жайылды. Осы іс-шараға демеушілік көрсеткен «ЖК Кадралин О.Д», «ЖК Жалғас», «Цветочная база №1» алғыс білдіреміз!
-
Татулық тамыры тереңде
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Татулық тамыры тереңде» атты жастар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара Ассамблеяның 30 жылдығына орайластырылды.Алғаш сөз кезегін алып, «Бірілк пен келісімді нығайтқан 30 жыл» тақырыбында баяндама жасаған Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Нилуфар Азизовна. Еліміздің нығаю жолында Ассамблеяның 30 жылда атқарған жұмысы, бірлік, татулық, келісіп концепцияларын нақты түсіндіріп берді.Ал, Айдана Жұманқызы Ш.Уалиханов университетінің 4 курс студенті «Ассамблея және тұрақтылық» тақырыбында баяндама оқып, көкейде жүрген көп түйткілге кілт салды. Тыңдармандардың сұрақтарына жауап қатып, тыңғылықты тиянақтап берді.
Одан кейін, Евгения Игоревна Ш.Уалиханов атындағы көпсалалы колледжінің 3 курс студенті «Ассамблея – тарихымыздың ізі, бірлігіміздің ұйытқысы» атты тақырыпта баяндама жасап, тарихтан сыр шертетін, қойнаудағы қазына тарихты қазан бетіне шығарып баян етті. Айта кетейік, «Татулық тамыры тереңде» атты дөңгелек үстелге №21 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Әнуар Есмагулов «Тепеңкөк», «Балбырауын» күйлерін шертті.