Author: aounb

  • Жұмекен Нәжімеденов

    Жұмекен Нәжімеденов

    Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері №12 жалпы орта білім беретін мектептің 5-6 сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Жұмекен Нәжімеденов — поэзияның асқақ үні» атты поэзия сағатын өткізді.
    Іс-шара Әнұранымыздың сөзін жазған дарынды ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы мен әдеби мұрасын өскелең ұрпаққа таныстыру, жас буынның поэзияға деген қызығушылығын ояту, олардың қазақ әдебиетіне деген құрметін қалыптастыру мақсатында өтті.
    Сондай-ақ, шара барысында ақынның өмір жолы, оның азаматтық ұстанымы мен поэзиядағы ерекшеліктері атап өтілді. Шара соңында оқушылар өлеңдерін жатқа оқыды.
  • Мұхтар Мақанұлы Мағауин

    Мұхтар Мақанұлы Мағауин

    Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы,прозаик, публицист,аудармашы мемлекеттік сыйлықтың лауреатының Мұхтар Мақанұлы Мағауиннің 85 жылдығына орай «Мұхтар Мағауин – ұлттық рухтың жаршысы» атты әдеби досье ұсынады.

  • Қытай

    Қытай

    Әлемдегі ең көне өркениеттердің бірі, және де ерекше дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарымен көзге түсетін ел – Қытай. Әлі күнге дейін өзінің көне құндылықтарын сақтап жүрген мемлекет туралы шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі «Қытайға саяхат. Путешествие в Китай. Journey to China» атты бейне-роликті ұсынады.

  • Кітапхана туры

    Кітапхана туры

    Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері №2 мектеп-лицейінің оқушыларына танымдық экскурсия өткізді. Экскурсияның мақсаты — оқушыларды кітапхананың жұмысымен таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

    Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың тарихымен, бөлімдерімен қатар ақын, жазушы, драматург Төлеген Қажыбаевтың шығармашылық кабинеті және Қазақстанның Халық жазушысы Сәкен сері Жүнісов атындағы мәжіліс залымен танысты.

    Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар кітапханаға қайта келіп, ұнатқан кітаптарын алатындарын айтты.

  • Дүниежүзілік балағат сөздермен күрес күні

    Дүниежүзілік балағат сөздермен күрес күні

    3 ақпан Дүниежүзілік балағат сөздерге қарсы күрес күні атап өтіледі. Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі «Балағат сөздерден арылайық! Что такое – хорошо, и что такое – плохо. How to Stop Swearing» атты тақырыпта бейне-ролик дайындады.

  • Мұхтар Мұқанұлы Мағауин

    Мұхтар Мұқанұлы Мағауин

    Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқу залы секторы жазушы, ғалым, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің туғанына 85 жыл «Қазақ әдебиетінің алыбы» атты шолу ұсынады

  • Жұмаш Сомжүреков

    Жұмаш Сомжүреков

    Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімі ақын Жұмаш Сомжүрековтың 85-жылына арналған «Көктем тынысы» атты Inform медианы әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынады.