Диалог «Көкшетау қаласының экологиялық портреті»

11 маусым сағат 12:00-де М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының коворкинг-орталығында «Диолог» пікірталас отырысы өтті. Негізгі тақырып «Көкшетау қаласының экологиялық портреті».
Іс-шараның кіріспе бөлімінде экологияның заманауи мәселелері, олардың маңыздылығы мен өзектілігі талқыланды.
Осы бағыттағы іс-шаралар пікірталас клубының қатысушыларына тиімді болуы үшін келесі мәселелер талқыланды:
– Көкшетау қаласындағы ауыз судың сапасы. Сүзілген ауыз су пайдалы ма?
– Қопа көлінің экологиялық жағдайы;
– Кала тұрғындарының сенбіліктерге қатысу белсенділігі және т.б.
Іс-шараның мақсаты-экологиялық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, жергілікті қоғамдастықтың назарын өңірдің экологиялық проблемаларына аудару, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.
Пікірталас клубының жұмысы кезінде сұрақтарға мамандар жауап берді: Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан – Б.А. Джаханова; Көкшетау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан – Р.Н. Искаков; Ақмола облысы бойынша экология департаментінен – М.И. Дербасова; Қазақстан халық партиясы Ақмола облысы филиалының өкілдері.
Кездесу ZOOM режимінде өтті.
Талқылау барысында қойылған сұрақтар бойынша пікірлер тыңдалып, мамандардың ұсыныстары берілді.
Кездесуге қатысушылар қазіргі уақытта біздің өңірде экологиялық жағдайды жақсартуға әркімнің жеке қатысуының маңыздылығын түсіну артып келеді деген қорытындыға келді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *