Диалог: Сіздің әлеуметтік жағдайыңыз. Жастардың жұмысқа орналасу мәселелері

24 қыркүйек күні сағат 11:00-де М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының коворкинг-орталығында «Диалог» клубының кезекті отырысы өтті, тақырыбы: «Сіздің әлеуметтік жағдайыңыз. Жастардың жұмысқа орналасу мәселелері».
Пікірталас барысында алған мамандықтың еңбек нарығындағы нақты жағдайға сәйкес келмеу мәселелері қаралды, соның нәтижесінде диплом алған түлек сұранысқа ие болмай қалады. Көбінесе мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінен көмек сұрауға мүмкіндік бермейтін психологиялық кедергілер, сондай-ақ еліміздің жастары шетелге шығу және өзін-өзі жұмыспен қамтуға («штаттан тыс») көшу себептері талданды.
Іс – шараны өткізудің негізгі идеясы-еңбек нарығында жастардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігіне назар аудару, пікірталасқа қатысушылардың арасында диалогтық мәдениетті қалыптастыру, ақпараттық орталық ретінде кітапханаға қызығушылықты арттыру.
Іс-шараға қатысқандар:
• Жұмыспен қамту орталығының маманы;
• Қазақстан Халық партиясының төрағасы;
• Студент жастары;
• Психолог;
• Блогерлер.

Leave a Reply

Your email address will not be published.