Күш атасы – Қажымұқан

2021 жылы 7 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімінің ұйымдастыруымен «Күш атасы – Қажымұқан» портреттік кеш өтті. Аталмыш іс-шараға Қажымұқан спорт мектебінің оқушылары мен әдіскері Бердімұрат Хұлтай, жаттықтырушы Өміржанов Ержан қатысты. Кеш барысында палуан батыр – Қажымұқанның өмірі мен жетістіктері жайлы айтылды. Қажымұқан палуанның кіндік баласы – Рахат Барысұлына сыйлаған көйлегі жайлы видеоролик назарларына ұсынылды. Қажымұқан спорт мектебінің әдіскері мен жаттықтырушысы шәкірттерінің жетістіктері, оқу үлгерімдері, мектеп жұмысы туралы мәлімет берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *