«Менің кітапханама – 75 жыл» челлендж

 Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары, кітап сүйер қауым!!!

2021 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасы 75-жылдық мерейтойын атап өтуде. Кітапхана өмір сүрген жылдар бойы ағартушылық, мәдени мұраны сақтау миссиясын орындап, туған өлкені зерттеуге көмек көрсетіп келеді.

Бүгінде М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасы облысымыздағы ірі мәдени ошақтардың бірі болып табылады. Мерейтойымызға арналған «Менің кітапханама – 75 жыл» атты челленджді біз барлық облыс тұрғындарына, оқырмандарымызға, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарына,облыстық басқармалар мен департаменттерге, мәдениет мекемелеріне жолдаймыз. Іргелі кітапханамызды Сіздерде құттықтаңыздар!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *