2 шілде «Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ қызметкерлері ұлттық аспап – Домбыра күніне арналып Абылай хан алаңында өткен облыстық іс-шараға белсене қатысты. Іс-шара қонақтарына мереке тарихы бойынша, елімізде музыкалық аспап қана емес, сонымен қатар ұлттық бренд болып табылатын домбыраның ерекшеліктері туралы «Домбыра күні – Ұлттың үні» буклеттер таратылдыі, сондай-ақ облыстық кітапханада тақырып бойынша қол жетімді кітаптар туралы ақпарат ұсынылды.