Өміріңізді өзгертетін – кітаптар

Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» мерекесін атау бойынша «Кітап – ұлттың рухани тірегі» фестивалінің «Kitap avenue» аясында «В контакте с книгой. Book Sense. Өміріңізді өзгертетін – кітаптар» атты кітапсүйер қауым қатысуымен бейне-сұхбатты өткізді.
Бейне-сұхбат қатысушылары бірінші кезекте жалпы автор және кітап тақырыбын
талқылады. Оқырмандар жазушы мамандығының маңыздылығы, оның өзектілігі жайлы сөз қозғады. Одан кейін, кітап оқудың пайдасы, оның құңдылығы мен мәнділігі
туралы кітап сүйер қауымның көңіл аударарлық пікірлері естілді.
Сұхбатқа қатысушылар қазақстандық жазушылар мен авторлардың туындыларын да
оқығанды ұнататынын айтты. Атап айтқанда: А. Құнанбаев, Ш. Мұртаза, Қ. МырзаӘлі және т.б. Одан бөлек, отандық ұлы жазушылар туындыларының шетел тілдеріндегі аудармаларын оқитын оқырмандардың саны да аз емес.
Бейне-сұхбатқа ЖОО-ның және колледждердің студенттері белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *