Ашық аспан астындағы кітапхана

2024 жылдың 1 маусымы күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясы аясында «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» викториналық шоу, «Жазғы оқулар» библиодесанты, «Ертегілер әлемі» квест ойыны өтті.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған іс-шараның мақсаты: оларды кітап оқуға баулу, логикалық ойындар ойнау арқылы балалардың қиялдарын ұштау, өлең оқытып, би билетіп, ән айтқызып белсенділіктерін арттыру. Балаларға арналған «Ертегілер елінде» атты көрмені тамашалау барысында, жазғы демалыстарында кітап оқуға кеңес беру.
Сонымен қатар шара барысында кітапхана іс-шараларына ат салысқан мектеп кітапханашылары мен мұғалімдеріне алғыс хаттар табысталды.
Шара соңында балаларға жергілікті «Гормолзавод» мекемесінің атынан балмұздақ таратылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *