ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ БАСТЫ МЕРЕКЕСІ

21 наурызда Абылай хан алаңында көктем мерекесі – Наурызға арналған мерекелік іс-шара өтті. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кең көлемді облыстық іс-шараға белсене атсалысты.
Киіз үйде бірқатар кітап экспозициялары орналастырылды, және онда қала тұрғындары үшін кітапхананың жұмысы мен оның жетістіктері, бай кітап қоры туралы айтылды.
Облыстық кітапхана Абылай ханның 310-жылдығына, АОӘҒК есімі берілген ақын Мағжан Жұмабаевтың 130-жылдығына арналған кітап көрмелерін ұсынды, сондай – ақ қонақтардың назарына Бейбарыс сұлтанның өмірі, қызметі туралы сирек және құнды басылымдар мен кітаптар ұсынылды. Киіз үйде қонақтар кітапхана қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрлері бойынша ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар мен кілем тоқу тарихы бойынша кітаптармен әдемі безендірілген «Кел, Әз Наурыз, берекелі жыл басым!» атты бай кітап көрмесін және ұлттық нақыштағы киіз үй жабдықтары мен ыдыстар үлгісін тамашалады.

Кітапхана ұжымы барлық қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *