Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 18 сәуір күні Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің студенттерімен «Жер шоқтығы – Көкшетау» атты inform time өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге Көкшетау қаласының тарихы, әдеби-мәдени ошақтары жайлы деректер айтылып, ақын-жазушыларының өлеңдері оқылды.
Аталмыш колледждің кітапханашысы Алма Серәліқызы «Көкшетау – хан ордасы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кітап көрмесіне Көкше өңірі тумаларының еңбектері, Көкшені жырлаған ақын-жазушылардың кітаптары қойылды.