Коворкинг – оқырмандармен жұмыстың өзекті бағыты

2018 жылдан Ақмола облысының мемлекеттік желі кітапханаларында жыл сайын коворкинг-орталықтар ашылуда, онда жеке, көпшілік жұмыстар мен ұжымдық шығармашылыққа барлық жағдайлар жасалған. Кітапханалар пайдаланушыларға маңызды ақпараттық қолдауды ұсынады, өйткені олар ең бай кітап қорлары мен электронды ресурстарға ие.

Келушілерге оқуға, жұмыс жасауға, өз білімін дамытуға, демалуға болатын аумақ құрылған. Бұл wi-fi аймақтары, дербес компьютерлік орындар, демалыс бұрыштары, конференц-залдар, көрме кеңістіктері, ойын аймақтары және т. б. Бұл жерде өзіңнің жеке жобаңды, бастамаларды және идеяларды талқылауға және жүзеге асыруға, келіссөздер жүргізуге болады. Бұл қызықты шешім болғандықтан, пайдаланушылар арасында коворкинг-орталықтар мен оқырман-балаларға ұсыну қажеттілігі туындады.

2018-2021жж. аралығында 28 кокворкинг-орталықтар ашылды, оның ішінде – балаларға арналған.

2018-2021жж. АО мемлекеттік желі кітапханаларында ашылған коворкинг-орталықтар

 2018 ж.

  • М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК – балалар мен ересектер
  • Ақкөл ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Бұланды ОКЖ №3 модельді қалалық кітапхана,
  • Бурабай ОКЖ балалар кітапханасы,
  • Біржан сал ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Егіндікөл ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Ерейментау ОКЖ орталық аудандық кітапахана,
  • Есіл ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Электронды кітапхана,
  • ОҚ БЖК,
  • Көкшетау қ. ҚАКЖ балалар кітапханасы

2019 ж.

  • Қорғалжын ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Шортанды ОКЖ балалар кітапханасы,
  • Жарқайын ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Степногорск ОКЖ орталық қалалық кітапхана,
  • Астрахан ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Аршалы ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Атбасар орталық аудандық кітапхана,
  • Егіндікөл ОКЖ Алакөл ауылдық кітапханасы
  • Бұланды ОКЖ балалар кітапханасы.

2020 ж.

  • Жарқайын ОКЖ Тасөткел ауылдық кітапхана, 
  • Жарқайын ОКЖ Уәлихан ауылдық кітапхана С, 
  • Жарқайын ОКЖ Пятигорск ауылдық кітапхана, 
  • Жақсы ОКЖ орталық аудандық кітапхана

2021 ж.

  • Сандықтау ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Зеренді ОКЖ орталық аудандық кітапхана,
  • Бурабай ОКЖ Бурабай модельдік ауылдық кітапханасы

АО мемлекеттік желі кітапханалары олар ашық, көп форматты, ыңғайлы, қолданушыға бағытталған болады. Заманауи кітапханашы тек кітап сақтаушы ғана емес, сонымен қатар заманауи технологияларды білетін маман.

Ашық коворкингтер өздерінің дәстүрлерімен, жобаларымен «толып», нәтижесінде жұмыс алаңынан ОҚЫРМАН қайта-қайта келетін мәдени орталықтарға айналуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *