Кітапханадағы әдеби avenue

12 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының коворкинг орталығында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының төрт жылдығына арналған «Кітапхана – рухани жаңғыру ордасы» атты әдебиavenueөтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Іс-шара облыстың 19 орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары мен қызметкерлерін тарта отырып, оффлайн және онлайн форматта өтті. Іс-шараның ақпараттық фоны Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК төрт жыл ішінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстары туралы бейнеролик болды.
Іс-шараны директордың инновация жөніндегі орынбасары Оспанов Қуаныш Ерғалиұлы ашып, мемлекеттік бағдарламаның маңыздылығы туралы айта келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыстық кітапханада жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды, жергілікті жазушылардың шығармаларын насихаттауға арналған жобаларға кеңінен тоқталды.
Ақын, жазушы, Қазақстан Республикасы Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, қалалық «Көкшетау» газетінің бас редакторы, «Алтын Арқа» мәдени-ағарту орталығының жетекшісі Жетпісқалиев Серік Сапарұлы өзі басқарып отырған орталық туралы айтып, кітапханадағы жазушылар мен оқырмандардың шығармашылық қарым-қатынасының маңыздылығы туралыөз пікірін ортаға салып, осы маңызды миссияның байланыстырушы алтын көпірі –кітапхана болып табылатынын айтып, сөз сөйледі.
Содан кейін «еркін микрофон» аясында жергілікті жазушылардың шығармашылығын кеңінен насихаттауға арналған әдеби жобалар бойынша тәжірибе алмасу өтті.Облыстың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің өкілдері: ҚАКЖ, Степногорск қалалық кітапханасы, Бурабай ОКЖ ZOOM платформасы арқылы ОКЖ жүргізіліп жатқан жұмыстары, жобалары туралы пікір алмасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *