Кітапханашылар күні

Қазақстанның кәсіби мерекелерінің күнтізбесінде 2022 жылдан бастап 24 қазанда атап өтілетін тағы бір “Кітапханашылар күні” пайда болды. Бұл – кітапханашы мамандығының қоғамда сұранысқа ие екендігінің дәлелі.
Заманауи кітапханашы – ол кім? Бүгінгі таңда Интернет пен технология дәуірінде кез-келген адам кез-келген қажетті ақпаратты немесе жұмысты іздеп таба алады.Заманға сай кітапхана қызметі де жетілдіріліп, дамуда.Кітапханашылар дәстүрлі қызмет түрлерін сақтай отырып, кітапханалардың жұмысына жаңа технологияны енгізуде. Кітапханашының өзі қандай оқырман?Ол кітаптарды оқырманға ұсыну үшін өз ісінің шебері, кәсіби маманы болуы тиіс.
М.Жұмабаеватындағы АОУНБ қызметкерлері дайындаған “БАР ҒҰМЫРЫМ КІТАППЕН БІРГЕ! – ЖИЗНЬ РЯДОМ С КНИГОЙ!” кітап көрмесі кітапханалардың құндылығытуралы, қазіргі заманғы кітапханашы мамандығының маңыздылығы мен қажеттілігі туралы ойқозғауғамүмкіндік береді.
Экспозиция М.Жұмабаеватындағы AOӘҒК-ң құрылу тарихын, жұмыстың заманауи бағыттарын,кітапханашылардың жетістіктерін және кейіпкері – кітапханашы болып табылатын көркем шығармаларынұсынды.
Пайдаланушылар “Кітапханашыны құттықтаймыз!» акциясына қатыса алады.Бұл оқырмандарғасүйікті кітапханашысын кәсіби мерекесімен құттықтау үшін М.Жұмабаеватындағы АОӘҒК-на кезектібару мүмкіндігін туғызады…
Кәсіби қызметі кітапханамен байланысты барлық қызметкерлерді төлмерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *