«Көшенің Еркеші – қазақтың еркесі» атты еске алу кеші

 

2020 жылдың 12 қарашасы күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Ақпараттық – библиографиялық бөлімінің жанынан құрылған “Алтын Арқа” ақпараттық ағартушылық орталығымен ақын, журналист, жиырма төрт жинақтың авторы Еркеш Ебікеновке (Ибраһимге)  арналған кезекті отырысы өтті.  Отырыс онлайн форматта өтті. ЗУМ платформасында Біржан сал, Аршалы, Степногорсктің Орталықтандырылған Кітапханалар жүйесінің  директорлары мен қызметкерлері және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында аудиторияға ақын туралы бейне ролик, электронды басылым көрсетілді.  Қатысушылар назарына басылымда ұсынылған бейне баянда ақын Еркеш Ибраһим жайында өзінің естеліктерімен Көкшетау қаласының құрметті азаматы Төлеген Қажыбай бөліседі.  Өкінішке орай биыл Ақмола өңірі белгілі қаламгер,  абыз ақсақалынан айырылып қалды. Бейнебаянда жазылған  Төлеген Қажыбайдың дауысы кітапхана қорында сақталып қалды. Орталықтың төрағасы Серік Сапарұлы аудиторияға журналист өмірінің қызықты сәттері туралы  айтты. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі Сәрсенбай Хасенов домбырамен Еркеш Ибраһимнің сөзіне жазылған  “Көкшетау” әнін орындады. Уатхан Саматтың орындауындағы ” Шоқан ескерткіші алдында” атты аудиожазылым тыңдалды. Студенттермен  Еркеш ақынның “Самал”, “Көкшетау”, “Төрт амал”, “Көкшетау кестелері”және де т.б. өлеңдері оқылды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *