Мағжан Жұмабаевқа арналған іс-шаралар

2021 жылдың 6 қаңтарында Facebook әлеуметтік желісінде оқырмандардың назарына Мағжан Жұмабаев туралы бейнеролик ұсынылды. Дәстүр бойынша, облыстық кітапхананың кітапхана жылы АОӘҒК есімі берілген Ұлы қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған іс – шаралардан басталады.

Мағжан Жұмабаев Шығыс поэзиясындағы теңдессіз, тағдыры қиын, қайталанбас дарыны ерекше қазақ ақыны. Оның шығармашылығында мәдениеттің екі ағымы біріктірілген – шығыс және еуропалық. Мағжан Жұмабаев Алаш партиясына қатысушылардың бірі болған, қазақ мемлекетінің басында мемлекетіміздің егемендігі мен автономиясы туралы айтқан. Ол Қазақстанның педагогика ғылымына үлкен үлес қосты, Қазақ тіл білімі бойынша көптеген жұмыстар атқарды, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – 1992 жылдан бастап қазақтың көрнекті ақыны әрі аудармашысы Мағжан Жұмабаевтың есімімен аталады.  Бейнероликте  ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты ақпарат ұсынылған.

  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *