Мәдениет пен өнер – ұлттың рухани әлеуеті

15 сәуір көптеген елдер Дүниежүзілік өнер және Халықаралық мәдениет күнін атап өтті.
2019 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 40-сессиясында Дүниежүзілік өнер күні, бейнелеу өнерінің дамуы мен таралуына ықпал ету үшін жасалған мереке жарияланды.
Өнер шығармашылық потенциалдың, жаңашылдықтың және мәдени жанжақтылықтың өсуін қалыптастрады.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бұл бағытта «Өнер саласындағы әдебиеттер залы» – арнайы бөлімі жұмыс істейді, оның қорында мәдениетке, өнерге, көркемдік, этикалық және эстетикалық білімдерге қатысты электрондық басылымдар мен құжаттар бар. 2020 жылдан бастап бөлімде “Старая пластинка” (грампластинкаларды цифлендіру), “Musical place” (сазгерлердің өмірі мен шығармашылығын насихаттау) жобалары жүзеге асырылуда, 2021 жылдан “Музыкальный интерьер”, “Қазақ халқының салт- дәстүрлері мен ғұрыптары” жобаларымен жұмыс жасау басталды.
Әр халық үшін өнер мен мәдениет – бұл бүкіл адамзат тәжірибесінің жиынтығы, оны сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу өте маңызды. Бұл сонымен бірге білім алмасуда және мәдениетаралық диалогты дамытуда маңызды рөл атқарады. Біз шығармашылық еркіндікті қолдауға және қорғауға тиіспіз, өйткені өнердің дамуы еркін және бейбіт әлемге қол жеткізуге көмектеседі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *