«Оқу зертханасы» жобасының жұмысы жайлы

2021 жылдың 11 қаңтары күні  М.Жұмабаев атындағы  АОӘҒК «Шамшырақ»балалар коворкинг  орталығықалың  оқырман  назарына    ағымдағы жылға арналған  «Оқу зертханасы»  жобасының  жұмысы жайлы  бейнероликті  ұсынды. Аталмыш бейнероликте  жобаның  құрылған мақсаты туралы айтылды. Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт  Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында  жас буынның білім алу мазмұнына ерекше көңіл бөлді. Баланың оқуға деген қызығушылығы, қоршаған ортаны кітап арқылы тануы мектеп қабырғасында қалыптасу керек. Ал кітапхана оқушының сол ынтасын оятып, оны қызықты кітап әлеміне жетелеуі қажет деп атап өтті. Осы ретте, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы 2021 жылды Балалар әдебиеті жылы деп аталуын ұсынып отыр. Аталмыш ұсынысты қолдау аясында кітапханамыздың «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығының ұйымдастыруымен «Оқу зертханасы» жобасы құрылып, осы жобамен  жыл бойы  жұмыс жасаймыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *