«Рухани жаңғыру» төрт жыл

12 сәуір «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасына 4 жыл толады.
Ұлт Көшбасшысы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін нақты айқындап берді: «Өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар Қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс». Бұл бағдарламаны іске асыру үшін барлық мәдениет мекемелері: кітапханалар, музейлер, облыстың архивтері белсенді жұмысқа тартылды.Уақытты сақтау мақсатында барлық мәдени мекемелерде инновациялық мәдени және білім беру жобалары пайда болды. Олардың басты міндеттерінің бірі-халықты өңірдің мәдени өміріне тарту. Осыған орай, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы осы бағдарлама аясында өткізілген барлық ірі іс-шараларды бейнелейтін ақпараттық бейнеролик дайындады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *