Таңғажайып кітаптар әлемінде

2021 жылдың 5 сәуірі күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығының ұйымдастыруымен «Таңғажайып кітаптар әлемінде» атты балалар кітабы апталығының салтанатты ашылуы өтты. Іс-шара барысында кітапханашы Хажымұхан Жанаргул оқырмандармен викторина өткізіп, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салып, бояды. Аниматорлар қызықты да көңілді ойын бағдарламасын өткізіп, оқырмандарға аквагрим салды. Балалар оқыған ертегілерімен бөлісіп, өлеңдер, жаңылтпаштар жатқа айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *