Тыныштық Шәменов

Өңіріміздің біртуар азаматы, бұ

рынғы Көкшетау, қазіргі Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданындағы «Прогресс» атты ауылының тумасы, сегіз қырлы бір сырлы, ақын, сазгер, әнші Тыныштық Шәменовтың туғанына 80 жыл толып отыр. Жастайынан ән мен күйге , өлең мен жырға, домбыраға әуес болып өскен, талантымен ерте танылған Тыныштық Дәндекұлы аудан, облыс, республикаға ерте танылған. Шығарған әндерін мектеп оқушыларынан бастап кәсіби әншілер үйреніп, үлкен сахналарда орындалып жүр.

Сазгер Тыныштық Дәндекұлының шығармашылығының тақырыптары алуан түрлі. Ән әуендерінің ішкі иірімдері жан сергітіп, толқытып отыратыны бар. Әндерінің барлығы дерлік лирикалық көңіл күйге, сезімге берілген, оларды жүрекпен, сезім сарайымен, түйсіне, ұғына білу керек. Туған жер, Көкшенің әсем табиғаты, Қазақстан, ана мен бала, тәуелсіз ел, достық пен махаббат, шаңырақ шаттығы, бәрі-бәрі ән болып құйылады. Тыныштық Шәменовтың өңіріміздің мәдениет саласына қосқан үлесі зор, түрлі тақырыпқа 100-ден аса ән шығарған, оның әсем әндері шет елдердің сахна төрлерінде орындалған.
Жеті баладан бес ұл, екі қыздан бәйтеректей тамыр жайып, өніп-өскен Шәменовтар әулетінде 18 немере, 9 шөбере өсіп келеді.
Бүгінгі шара Ақмола облысының Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубековнаның сөз сөйлеуімен басталды. Зиялы қауым, ізбасар бауырлары: Жабал Ерғалиев, Ғосман Төлеғұл, Арман Бердалин, Орал Қабиден ұлы өз лебіздерін білдірді. Шара барысында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филормониясының әртістері қатысып, Тыныштық ағамыздың әндерін орындады. Мара Есмұханова «Алқатерек ауылым», Гүлжан Ахметова «Ақмола Вальсі», Мереке Бекмағанбетов «Мөлдір сезім», колледж студенттерінің орындауында Ақан сері колледжінің гимні орындалды.
Кеште өмірде сыйлас болған ардақты ағалар, зиялы қауым, отбасы мүшелері, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық Филармония әншілері, Ақан сері, Біржан сал колледждерінің студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
Еске алу кеші негізінен өнер адамының өмір жолын таныстырып, жас ұрпаққа өнеге болсын деген мақсатта студент жастарымызға арналып отыр. Осындай ағалардың жақсы өнегесімен өнер жолын таңдаған әрбіріңіздің өміріңіздің кірпіші дұрыс қалансын деген тілектеміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *