Тәуелсіз елдің заманауи кітапханасы

7 желтоқсан Мағжан Жұмабаев атындағы кітапханаға «облыстық» статусы берілгеніне 75 жыл толуына орай «Тәуелсіз елдің заманауи кітапханасы» атты облыстық форум өтті.

Форум Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитованың құттықтау сөзімен басталды. Бұдан әрі жазушы, журналист, қоғам қайраткері, “Ақмола-Тіршілік” ЖШС директоры Жабал Ерғалиев, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы “Қоғамдық келісім” КММ директоры Ермек Нұғыманов,  тағы басқа ел ағалары, іс-шараға арнайы келген құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйледі.

  «Жақсы кітап – ұяттың антологиясы», – дейді жазушы Асқар Сүлейменов. Тарихы сонау 1919 жылдан бастау алатын облыстық кітапхана сол кездерден бастап бүгінге дейін қаншама ұрпаққа кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетіп қана қоймай, адамдыққа тәрбиелеп, жақсылыққа үгіттейтін мәдениет мекеніне айналды.

 Кітапхананың мерейтойлық күні ең маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.

 Іс-шараның мақсаты – кітаптың адам өміріндегі рухани құндылық ретіндегі мәртебесін арттыру.

Іс-шарада ардагерлер, сондай-ақ облыстық және аудандық кітапханашылар марапатталды:

Кітапхана ардагерлеріне, облыстық кітапхана қызметкерлеріне, аудандық кітапхана қызметкерлеріне арналған төс белгілер; Ақмола облысы әкімдігінен және Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасынан кітапхана қызметкерлеріне Алғыс хаттар; Демеушілерден бағалы сыйлықтар (сертификаттар); «Үздік оқырман отбасы – 2021» байқауының жеңімпаздарына алғыс хаттар табыс етілді.

«Көкше» мәдениет үйінің өнерпаз жігіттері ән-шашуларымен мерекенің сәнін келтіріп, іс-шараға көрік берді.

Мерекенің соңында кітапхана директоры Құдайберлі Мырзабек іс-шараның өз мәнінде өткенін айтып, келген қонақтарға, демеушілерге өз ризашылығын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *