Шығармалар байқауы «Түркі тілдерінің ішіндегі жауһары – қазақ тілі»

10, 13-14 қыркүйек күндері «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік аясында «Түркі тілдерінің ішіндегі жауһары – қазақ тілі» шығарма жазу байқауын өткізді. Байқауға Көкшетау қаласының «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Олар «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деген тақырыпта шығарма жазды. Барлығы 9 оқушы қатысып, 11 «Б» сынып оқушысы Н.М. Маратов І орынды, 11 «А» сынып оқушысы М.А. Даргенов ІІ орынды, 10 «Б» сынып оқушысы Н.Е. Сейілбек ІІІ орынды иеленді.
Марапаттау рәсімі 17 қыркүйекте М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті. Барлық қатысушыларға қатысқандығын растайтын сертификаттарды, ал жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтарды облыстық кітапхана директоры Қ.Р. Мырзабек, Ақмола облысының оқу-әдістемелік орталығының директоры Қ.Б. Төлекеев, «Ел бірлігі» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б. Смағұл табыс етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *