Ғарыш қыраны

Сәуір айында шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі оқырмандарымызға Ғарышкерлер күні мен Юрий Алексеевич Гагариннің ғарышқа ұшуына 60-шы мерейтойына орай «Ғарыш қыраны» – «Путешествие в Космос» – «Travelling into Space» атты навигатор кітап-көрмесін ұсынады.
Ұсынылған навигатор кітап-көрмесі авиация мен космонавтика жайлы кітаптардан, Кеңес Одағының батыры, алғашқы кеңестік ғарыштық ұшқышы – Юрий Гагаринмен таныстыратын кітаптардан, біздің қазақстандық көрнекті зерттеушілер және ғарышкерлеріміз Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаевпен таныстыратын кітаптардан тұрады.
Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуы әлемнің «есігін» ашты. Оның есімі ғылым мен прогресс үшін ерлік белгісі, аңыз болып кеткен. Ол өзінің барлық жан мен күшін “ғарыштық” жұмысқа салды. Оның есімі адамзат тарихында, Жер тарихында өшпес болып қалады.
Тоқтар Әубәкіров – қазақ халқының атынан жерден тыс жерге ұшқан ғарыштық ізашар. Талғат Мұсабаев – Қазақстан Республикасының атынан ғарышқа аттанған Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. Олардың әрқайсысының ғарышқа өз жолы болды. Бұл ерекше адамдарды, сондай-ақ барлық ғарышкерлерді біріктіретін, – бұл Жер планетасына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімі, олар ғарышкер болған жер, бүкіл жер айлағы – Байқоңырға деген алғыс сезімі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *