Қазақ тілін үйренуге арналған курстар ашу

7 қыркүйекте М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақ тілін оқыту курсының салтанатты ашылуы өтті.
Шараға Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Б. Әміренова, Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қ.Б. Төлекеев, Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.С. Токушева, Әдебиет және өнер музейінің директоры Н.Ж. Нұралы, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қ.Р. Мырзабек және қазақ тілі курсына жазылған кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шара Қазақстан халқы тілдері күніне арнайы ұйымдастырылған «Менің тілім – менің Тәуелсіздігім. Мой язык – моя Независимость. My language is my Independence» атты кітап көрмесін көрермендерге таныстырудан басталды.
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Б. Әміренова Қазақстан халқы тілдері күнімен және қазақ тілін оқыту курсының ашылуымен құттықтады. Одан кейін қазақ тілі курсының оқушыларына оқу құралдары үлестірілді. Әрі қарай іс-шараға қатысушы қонақтар кезекпен жылы лебіздерін білдірді.
Қазақ тілін оқыту курсының ашылу салтанаты шара қонақтары мен курс оқушыларының орындауындағы Қ. Мырза Әлидің сөзіне жазылған Е. Хасанғалиевтің әні «Атамекенмен» аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *