Үздіксіз Ғажайыптар әлемі

2021 жылдың 10 маусымында шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде «Полиглот» инновациялық жобасы аясында юнит-бенефисі өтті: «Үздіксіз Ғажайыптар әлемі. Мир непрерывных чудес. A World of Continuous Miracles».
1936 жылдың 10 маусым күні – «Союзмультфильм» студиясының туған күні болып табылады.
Дәстүр бойынша біз бір-бірімізбен үш тілде сәлемдестік, сонымен қатар, әңгіме бастауға арналған клише-сөздерін ағылшын тілінде үйрендік. Осыдан кейін біз «мультхикая сиқыры» әлеміне сапар шектік. Слайдшоудан біз алғашқы мультипликациялық фильмдердің құрылу тарихынан көптеген қызықты фактілерді білдік, 20 ғасырдың ең танымал мультипликаторларының бірінің өмірбаянын зерртедік.
Көптеген балалар «Ну, Погоди!», «Лягушка – Путешественница», «Аленький цветочек», «Золотая антилопа» және т.б. мультфильмдер Вячеслав Сергеевич Котёночкинның қаламынан шыққаның білмепті.
Юнит танымды және қызықты өтті!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *