Ұлы жеңісті ұлықтайық

М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітпханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» Жеңіс күніне орай «Ұлы жеңісті ұлықтайық» тақырыбында тыл ардагерлерімен кездесулер циклын ұйымдастырды.
5 мамыр күні аталған бөлімнің қызметкерлері тыл ардагері Бұзаукин Қазез бен оның отбасына барып келді. Қазез ата денсаулық жағдайына байланысты келе алмайтын болған соң, онымен және оның отбасымен бейнеролик түсірілді. Онда Қазез ата соғыс уақытына шақ келген балалық шағының естеліктерімен бөлісті.
6 мамыр күні «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» тыл ардагері Жүнісова Шәрбану Қуандыққызымен офлайн форматта Жеңіс күніне арналған кездесу өткізді.
Кітапханадағы іс-шара Қазез ата мен оның жұбайы Гүлназия апаның сұхбаты түсірілген бейнероликті тамашалаудан басталды.
Шара қонағы Шәрбану апа өз өмірі туралы, соғыс кезінің қиындығы туралы әңгімелеп берді. Көрермендердің қойған сұрақтарына шынайы жауап беріп отырды.
Сол сияқты шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, «Венаны, Венгрияны азат еткендігі үшін», «Германияны жеңіп алғаны үшін» медальдарының иегері Даулетов Асылбек Жазиұлы туралы кітапхана қызметкерлері түсірген бейнеролик көрермен назарына ұсынылды. Бұл роликте Асылбек Жазиұлы соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *