«Әйел теңдігі — ел өркені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

8 желтоқскн күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Әйел теңдігі — ел өркені» атты талқылау сағатын ұйымдастырды. Шараның мақсаты – қоғамдағы әйелдердің рөлі, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдікті нығайту мәселелерін талқылау.
Іс-шараға Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ колледжінің студенттері қатысып, қазақ әйелдерінің тарихи миссиясы, қазіргі қоғамдағы орны, әлеуметтік мүмкіндіктері мен кездейсоқ кедергілер туралы пікір алмасты. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері гендерлік теңдікке арналған әдебиеттер көрмесін таныстырып, қатысушыларға ақпараттық шолу ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында жастар өз ойларын еркін ортаға салып, қоғамда әйел мәртебесін көтеруге бағытталған бастамалар жөнінде пікір бөлісті. Шара қатысушыларға үлкен әсер қалдырып, маңызды әлеуметтік мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік берді.