Әкелер күні

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы маусым айының үшінші жексенбісі – Әкелер күні қарсаңында «Әке көрген оқ жонар» атты үлкен іс-шара өткізді. Биыл бұл мереке елімізде алғаш рет тойлануда.
Қазақ «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бірауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын сыйғыза білген. Әкенің бала өмірінде алатын рөлі орасан зор. Баланың әкеге деген махаббаты, әкенің балаға деген қамқорлығы, жол көрсетуі қазақ қоғамының ерекше тәрбиесі.
Бүгінгі «Әке көрген оқ жонар» атты кітапхана қабырғасында өткен іс-шараға «Балақай» шығармашылық студиясының кішкентай суретшілері, әкелері туралы ой бөліскен кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары қатысты. Мерекеге келген балалар өнерпаз, өрт сөндіруші, спортшы, құтқарушы әкелері туралы айтып, олардың еңбек жолдары және жетістіктерімен бөлісті. Әкелерін мақтан етіп, өздеріне үлгі тұтқан балалар әке жайлы ән шырқады.
Іс-шараға қатысқан балалардың ешбіреуі құр алақан кеткен жоқ. Оларға Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы тәттілермен қоса қуаныш сыйлады.
14 июня Акмолинская областная универсальная научная библиотека имени Магжана Жумабаева в преддверии третьего воскресенья июня – Дня отца организовала большое мероприятие под открытым небом «Әке көрген оқ жонар».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *