Әріптестеріміз Қазақстанның көрнекті кітапханашылары

ҚР Ұлттық кітапханасы дайындаған еліміздің барлық жүйелері мен ведомстволарына қарасты кітапханалардағы мамандар туралы қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» атты анықтамалығы жарық көріп, оқырманға жол алды.

Қазақстанның көрнекті кітапханашыларының қатарында Ақмола облысының кітапхана қызметкерлерінен: Көкшетау қ. ҚАКЖ  бұрынғы директоры Әбішева Айгүл Амангелдіқызы, Бұланды ауданының ОКЖ бұрынғы директоры (қазір лайықты демалыста)  Афанасьева Надежда Ивановна, М. Жұмабаев атындағы АӘҒК қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ивахина Махабат Қайырбекқызы Аршалы ауданының ОКЖ директоры Карпич Валентина Николаевна, Астрахан ауданының ОКЖ директоры Құсайынова Роза Ибраевна, М. Жұмабаев атындағы АӘҒК кітапханашысы Мурсалим Казима Тасымовна қазір зейнеткерлік демалыста, Степногорск қ. ОҚК қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Мухамадиева Роза Қойкенқызы, Есіл ауданының ОКЖ директоры Омарова Алма Бакенқызы, М. Жұмабаев атындағы АӘҒК шет тілдері бөлімінің басшысы Пугачева Наталья Борисовна,  Көкшетау қ. ҚАКЖ  бұрынғы директоры Сайдалина Мәншүк Нөгербекқызы, Жарқайың ауданының ОКЖ директоры Соболевская Валентина Юрьевналар бар.

Анықтамалыққа аты енген әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!  

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *