ӨМІР СЕРІГІН ӨНЕР ЖОЛЫНАН ТАПҚАН

«Өмір серігін өнер жолынан тапқан» атты кездесу Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың өнер әдебиеттері бөлімінде «Өңіріміздің өнер майталмандары» жобасы аясында өткізілді.
Жоба өңіріміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына өз үлестерін қосып жүрген майталмандарымызды оқырман қауымға, жастарға жақыннан таныстыру мақсатында жүргізіліп отыр.
Өнер майталмандарымен кездесудің кезекті саны танымал әнші, дарынды композитор, Республикалық саяси әндер конкурсының жүлдегері, Бүкілодақтық халық шығармашылық фестивалінің лауреаты, аты аңызға айналған «Қаракөз» ансамблінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, Жезқазған қаласының құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, «Сағыныш», «Махаббат мұңы», «Оянған махаббат», «Сен кінәлі емессің», «Жарығым-ай» сияқты ғажайып туындылардың авторы, мерейтой иесі Болатбек Есмұхановты және Болатбек ағамыздың жары, әнші, Жүсіпбек Елебековтың шәкірті, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Мара Есмұхановаға арналды.
Жақында ғана Болатбек Есмұхановтың туған жері Жезқазған өңірінде 75 жылдық мерейтойын ел болып тойлап, Қазақстанның құрметті азаматы атағын беріп, Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталып келді. Кеш барысында сол мерейтойда дайындалған бейнематериалдан үзінді, «Қаракөз» ансамблінің әндері тыңдалып, құттықтаулар берілді. Келген қонақтар да кейіпкерлерді өз пікірлерімен жан-жақты аша білді.
Жастарға үлгі-өнеге берер деген мақсатта өткізілген бұл кеште жастар өнер иелерін жақыннан танумен бірге кештің кейіпкерлеріне өздерінің ән шашуларын жолдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *