21 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 25 қазан – Республика күніне орай мектеп оқушылары үшін «Тәуелсіздік тарихы» атты интерактивті экскурсия өткізді.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи туралы білімін тереңдету, елдің даму жолындағы жетістіктерді дәріптеу. Кітапхана қызметкері қатысушыларды мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жолындағы күрес тарихына қысқаша шолу жасады.
Шара барысында «Азаттық – бабалар аманаты» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, Тәуелсіздік тақырыбындағы әдебиеттер таныстырылды.








