Менің туған өлкем циклі 8 сериясы

«Зерделі ойдың зергері» библиографиялық көрсеткіш

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің «Өлкетану  библио-графиясы»  секторы дәстүрлі түрде өлкеміздің мерейтой иелерінің библиографиялық көрсеткішін шығарады. Кезекті библиографиялық көрсеткіш «Зерделі ойдың зергері»  Жылқыбай  Жағыпарұлына арналды. Библиографиялық көрсеткіш негізгі екі бөлімнен тұрады: өмірбаяны және әдебиеттер тізімі. Алғы сөзге өмірбаян ретінде Болат Төлепбергеновтың мақаласы  Жылқыбайдың  жарығы  алынды. Әдебиеттер тізіміне автордың кітаптары, мақалалары және ол туралы ақпараттар топтастырылды. Библиографиялық көрсеткіш студенттерге, кітапханашыларға, жалпы қалың  оқырман қауымға арналған. Бейнежазбада оқырмандарға 3 д форматында Жылқыбай  Жағыпарұлына арналған  библиографиялық көрсеткіштер ұсынылған.

PDF

ЗЕРДЕЛІ ОЙДЫҢ ЗЕРГЕРІ

3D

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *