Қайырбай Төреғожа

Қайырбай Төреғожа 1957 жылы Көкшетау ауданының Ортақ  аулында туған. ҚазМУ-дің журналис-тика факуль-тетін бітірген. Әр жылдары Зеренді аудандық газеті мен облыстық «Көкшетау», республикалық «Халық кеңесі» басылымдарында, облыстық телерадиокомпанияда, қалалық «Көкшетау» газетінде қызмет істеді. Қазір ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті бас редакторының орынбасары. Бұған дейін «Күншуақ» өлеңдер жинағы жарық көрген. 1983 жас ақын- жазушылардың республикалық  кеңесіне, 1985 жылы шығармашылық жастардың республикалық «Жігер» фестиліне қатысқан. Әр жылдарда өлендері республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында  жарық көрген. Алматыда  «Тоғанай Т» баспасынан «Күншуақ» (2002) атты өлеңдер жинағы шықты. Жинақтағы өлеңдер оның түп қазығы – ақынның шымырқанған азаматтық үні. Туған жерге деген үлкен сағыныш пен құрмет, балалық мажаббат бірі-бірімен тығыз үйлесім тауып суреттелген өлеңдерін оқырмандарға ұсынған болатын. Ақынның Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Жаңбырлы жаз» (2007) өлеңдері мен поэма жинақ кітабы жарық көрді. Бұл жыр кітабындағы туындыларының  айтары өте көп. Әсіресе, еркін ойлап, еркін сөйлеудің жолын таба бастаған ақынның кесек сөйлеуі және де елдік тұрғыдан ой толғауы сүйсіндіреді. Өмірдің ащысы мен тәттісін бірдей тартып, бүгіндегідей жайдары да жайсаң жазға ақыл, сабырмен, ең бастысы өзі түйген өзіндік оймен келген адами қасиетін асқақтатады. «Аман-ай» поэмасындағы кешегі сұм соғыстың зардабын тартып, зарланып қалған ауылдағы ананың қайғысы мен шері, мұңы мен сағынышы әсерлі баяндалады.

«Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Зейноллаұлы Төреқожа, ұзақ жылдардан бері баспасөз саласында жемісті еңбек етіп, сонымен бірге, ақындық қанаты талмай, өзіндік үн-танымен жыр аспанында самғап келеді.

1999 жылы «Ақмола мен Көкшетау егіз ұғым» атты облыстық ақындар мүшайрасында жүлделі үшінші орынға, 2003 жылы жазушы, ағартушы-ғалым, ұстаз Сейтен Сауытбековтың туғанына 95 жыл толуына арналған мүшайрада бас жүлдеге ие болған. Тілдерді дамыту басқармасы 2006 жылы ұйымдастырған мүшайрада бірінші орынды жеңіп алды.

Жан жолдасы Мәрияммен бірге екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *