Blog
-
Кітап біздің досымыз
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы № 16 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен «Кітап біздің досымыз» атты викторина өткізді.Іс-шара балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және бос уақытты тиімді өткізу мақсатында өтті.Балалар кітапқа қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді. Бірнеше топқа бөлініп, белсенді қатысып, білімдерін ортаға салды. Балалар әдебиеті бөліміне келген жаңа кітаптар топтамасымен танысты. -
Лингвочетверть
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде өткізілген “Лингвотоқсан”.Әртүрлі тақырыпта бірнеше отырыстар өтіп, балалар өздерінің білімдерін көрсетіп, сан-алуан ойындар мен пікірталастарға қатысты.Кітапханадағы сиқырлы саяхат кішкентай оқырмандарымызға ұнап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятты деген үміттеміз.Барлық мектеп оқушылары мен мұғалімдерге белсенді қатысқаныныз үшін алғысымызды білдіреміз. -
Шәкәрім — ұлт мақтанышы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған «Шәкәрім — ұлт мақтанышы» атты информ+ өткізді.Іс-шара қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани-әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың тарихи-мәдени танымын арттыру, ұлттық рухты ояту және тұлғаның шығармашылығы арқылы адамгершілік, ізгілік, әділеттік сынды құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында өтті.Іс-шараға Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Оқушылар іс-шара соңында кітапхананың басқа да бөлімдерімен танысты. -
Әкелер күні
Әкелер күні – әкелердің отбасындағы рөлін және оларды құрметтеу мақсатында атап өтілетін ерекше мереке. Бұл күн әкелерге деген құрмет пен махаббатты білдірудің маңызды бір тәсілі болып табылады. 12 маусым күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №12 мектебінің жазғы лагерь оқушыларына «Әке –отбасының тірегі» тақырыбына сурет салу ұсынылды. Іс-шара барысында кітапханашы Утепова Г.М әр шаңырақтағы ана мен әкенің орны, әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы екенін баяндап берді.
-
Әке тіреу. Әке жүрек. Әке асқар тау
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары 11 маусымда Қазақстан Республикасындағы әкелер күніне арналған «Әке тіреу. Әке жүрек. Әке асқар тау» атты таймплас ұсынады. Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне аталып өтіледі. Үкімет қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерімен толықты. «Әкелер күні» мерекесін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы және әкелер институтын институтын нығайтып, дамытуға ықпал етеді.
-
Ұлы Жеңіске 80жыл
Ақпараттық-библиографиялық бөлім «Жеңіс қаһармандары, жерлестер мәңгі есімізде» атты информ-медиа жалғасын әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынады.
-
Қазақ жырының жауһары
2025 жылдың 10 маусым күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Жұмекен ақынның 90 жылдығына және Тәкен Әлімқұлов шығармашылығы аясында «Қазақ жырының жауһары» атты әдеби кеш ұйымдастырды.Іс шара құдіретті жырдың — пайғамбары Жұмекен мұрасын насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында Қонысбай ауылының жалпы білім беретін мектебінде өтті.Әдеби кешке ақын Оралбек Нүрүш қатысып, оқушыларға ақынның шығармашылығы жайлы сөз қозғады. «Ол — жырдың тұнығын ішкен, таланты да дарынды тұлға. Жұмекеннің ғажап жырымен сусындау бізге ләзім. Ол — табиғат тудырған ақын. Әр қазақтың жадында Жұмекеннің жыры жатталып жүру керек. Біз Жұмекенді тану арқылы өзімізді танимыз» деді Оралбек Нүрүш.Ұстаздар, оқушылар Жұмекен жайлы сұрақ қойып, өздері білгісі келетін дүниенің бәрін сұрады. Оралбек Нүрүш баппен сөйлеп, әр сұрақтың жауабын бағамдап берді.